Жаңалықтар
Қылышбай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы
- author Zhambylokq
- 20 ақпан, 2024
- 96
Қылышбай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы
2023 жылы қорытындысымен 18 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 18 адамға жолдама берілді, оның ішінде 2 тұрақты жұмысқа орналастырылды. 2023 жылдың қорытындысымен Қылышбай округіне жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 1 отбасыдан 8 адам, оның ішінде 6 балаға тағайындалып, 210811 мың теңге бөлінді, оның ішінде сондай-ақ 119 000 теңге сомаға балалар тағамы мен жуу құралдарына мемлекеттік әлеуметтік пакет алды, жергілікті уәкілетті органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмек бойынша 2 адам бір жолғы әлеуметтік мемлекеттік көмек алды. Мүмкіндігі шектеулі 4 адам арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Қылышбай ауылдық округінің даму жоспарына сәйкес Бүгінгі таңда «Кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасының 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында аталған округте жұмыспен қамту және әлеуметтік саланы құру мақсатында 2023 жылы 18 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Жыл сайын үкімет шағын және орта бизнесті дамытуды қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады. Жалпы округ аумағында 14 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 40 азамат жеке кәсіпкер болып тіркелді.
Ауылдық округтің жалпы бюджеті 101 миллион 138 мың теңгені құрайды. Нақты түсімдер 101 млн. 134 мың теңгені құрады. Демек, бюджеттің барлық шығыстарының 99,9 пайызы орындалды. Кәсіпкерлік саласы. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан жыл сайын қаржы қаралуда. Жалпы округ аумағында 46 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Ауылшаруашылық саласында- Ауданда мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі де ұлғаюда. Жыл басынан бері ет өндірісі 69,4 пайызға, сүт өндірісі 5,0 пайызға артты.
Округ бойынша мал басы: 3500 бас ірі қара мал, 5200 бас қой мен ешкі, 599 бас жылқы, 158 бас түйе, үй құсы 667. Өткен жылмен салыстырғанда мал басының көбеюі байқалады. «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 2023 жылға Қылышбай ауылында 3 көшеге асфальт жабындысы төселуде, жалпы соммасы 14 млн. 651 мың 559 тенгені құрайтын жұмыстардыжүргізілді, тендер жеңімпазы ЖК «Жанасыл » жұмыс атқарды.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС
Округте ағымдағы жылы барлығы 6 қылмыс орын алды. 2023 жылдан бері ауыр қылмыстар бойынша 1 оқиға тіркеліп, 100 пайызға ашылған. 2 ЖКО тіркелді және 100 пайызға ашылды. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлаудың 3 жағдайы 100 пайызға ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024