Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Экология департаментінің 2023 жылда атқарған жұмыс қорытындысы

Экология департаментінің 2023 жылда атқарған жұмыс қорытындысы
ашық дереккөзі
Экология департаментінің 2023 жылда атқарған жұмыс қорытындысы
Жамбыл облысы бойынша экология департаменті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Жұмыстың негізгі бағыттары, мемлекеттік экологиялық бақлау, зертханалық-талдамалық бақылау және экологиялық реттеу жұмыстарын жүргізеді. Егер Департаменттің жұмысына 2023 жылда тоқталсақ, онда мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі жоспардан тыс 15 тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтардың 15 фактісі анықталды, 10 нұсқама берілді. Департаменттің бастамасы бойынша, және заңды, жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен прокуратура материалдары бойынша 102 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 3 ескерту, 5 бұзушылық хаттамасы шаралар қабылдау үшін сот органдарына жіберілді. Барлығы 105 әкімшілік айыппұл салынды, жалпы сомасы                        47 млн 978 мын 286 тенге.  45 млн 018 мын 643 теңге сомасына 90 айыппұл өз еркімен өндірілді. Сот орындаушыларына 2 млн 614 мын 643 тенге сомасына 5 әкімшілік айыппұлдар мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жолданды. Бүгінгі таңда ерікті төлем мерзімі шықпауына байланысты 345 мың теңге сомасына салынған 1 әкімшілік айыппұл өндірілген жоқ. 2023 жыл ішінде Департамент 22 сот ісіне қатысты. Тексеру нәтижелері бойынша сотқа шаруашылық қызметті тоқтата тұру туралы 8 талап арыз жіберілді, оның ішінде 3 талап арыз қанағаттандырылды, 5 талап арыз бұзушылықты жоюға байланысты бас тартылды. Мысалы, Департаментінің бақылау-тексеру қызметімен жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Шу ауданында «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мыс байыту зауытының құрылысы тоқтатылды, Мойынқұм ауданындағы «Шағала майнинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мыс байыту фабрикасының құрылысы тоқтатылды, Жамбыл облысындағы «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің фосфогипс үйіндісінің құрылысы тоқтатылды. Себебі, сол құрылыстардың экологиялық рұқсаттың жоқтығы. Департаменттің зертханалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы 74 зертханалық зерттеу жүргізді, 243 сынама алынды, 1224 талдау мен анықтама орындалды. Бұл ретте нормативтерден   137-сы асып кетуы анықталды. Барлық асып кеткен нормативтер бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда 54 зертханалық аспап 60 млн теңгеден астам сомаға сатып алынды. Мысалы, Жамбыл облысының әкімдігі, Департаментке 36 млн теңгеге көпфункционалды Дрон сатып алынды. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ғарыштық мониторингінің түсірілімі бойынша 2023 жылы Жамбыл облысы бойынша 245 нүкте анықталынып, оның ішінде 169 стихиялық қоқыс орны анықталды. Бүгінгі таңда облыс бойынша 149 стихиялық қоқыс орны тазартылды. Алайда, Департамент көрсеткен мерзімде Шу ауданы бойынша 9 стихиялық қоқыс орны тазаланбаған, ал Тараз қаласының аумағында 11 стихиялық қоқыс орны тазаланбаған, айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке Шу, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласы әкімдерінің орынбасарлары тартылған. Бұдан басқа Жуалы ауданындағы 5 ауылдық округ әкімі айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Департамент стихиялық қокыс үйінділерін жою жөніндегі тапсырмаларды орындау мақсатында ғарыш мониторигі бойынша 7 рейд, стихиялық қатты тұрмыстық қалдықтарды зансыз орналастру орындарына 10 рейд жүргізілді. Жалпы Жамбыл облысында жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігінде 158 ұйымдастырылған қоқыс полигондары бар. Барлық полигондарда қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру құжаттары бар. Департаменттің экологиялық реттеу бөлімі қоршаған ортаны қорғау саласында 5 Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты жүзеге асырады. Барлығы 308 арыз түсті, оның ішінде 200 арыз қоршаған ортаға әсерді бағалауды және жоспарланған қызметтің әсерін скринингті қамту саласын анықтау туралы қорытынды беруге түсті, оның ішінде 54 арыз қоршаған ортаға әсерді толық бағалаудан өтуге жіберілді, 32 арыз жеңілдетілген тәртіп бойынша жіберілді, 67 дәлелді бас тарту берілді. Жамбыл облысының аумағында 1-шы санаттағы 40 нысан орналасқан. 2023 жыл ішінде Департаментке 127 өтініш түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан 56 өтініш, жеке тұлғалардан 71 өтініш. Барлық өтініштер көрсетілген мерзімде қаралды.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар