Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Сұрат ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Сұрат ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық  даму көрсеткіштері
ашық дереккөзі
Сұрат ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Сұрат ауылдық округінде тұратын халық саны – 2995 адам, Сұрат – 1954, Аққайнар  – 444, Тескентоған-597 оның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 745 немесе 24,8% құрап отыр. Сайлаушылар саны – 1585, көп балалылар – 126, зейнеткерлер – 292, мүгедектер – 39, еңбек жұмыссыздар -31.         Округ бойынша аула саны – 463, Сұрат ауылында – 299, Аққайнар ауылында – 72, Тескентоған ауылында-92.  Жергілікті ұлт өкілдері 99,0 % және басқа ұлт өкілдері 1,0 % құрайды. Ауыл бюджеті 2023 жылы 163 659 000 млн. теңгені құрады Ауылдық округтегі 3 елдімекен (Сұрат, Аққайнар, Тескентоған) табиғи газбен қамтылған.  Бүгінгі күні 463 үйдің 463 көгілдір отынмен  қамтылып 100% құрап отыр. 2023 жылға 77 982 000 теңге қаражат бөлініп, ауылдық округтегі Сұрат ауылының М.Ауезов, Абай, Б.Омаралы. С.Дадабай, С.Қоржынбай, С.Абдиманап, Ғ.Мұратбаев, М.Маметова көшелеріне қатты жабынды асфальт жол салынды. Сұрат ауылдық округі, Тескентоған ауылына кіші футбол  алаңын салуға аудандық бюджеттен 16,083 млн. теңге бөлініп, конкурс амалдары жүргізіліп, жеке кәсіпкер Ж.Қарнақов  қатысып, 12,500 млн. теңгеге ұтып алып,  жұмысын толық аяқтап, қолданысқа берілді.   Ал үнемделген қаражатқа,  Сұрат ауылындағы  М.Маметова –С.Қоржынбай көшелеріне  22 /жиырма екі/  күн сәулесінен қуат алатын жарықтандыру бағналары  орналастырылды. Тескентоған ауылындағы Сыпатай көшесіне түнгі жарықтандыру жүргізуге аудан бюджеттен 7,0 млн теңге бөлініп,  45 (қырық бес) дана күн сәулесімен қуат алатын жарықтандыру шамдары орнатылып, жұмыстары толығымен аяқталды. Аққайнар ауылына аялдама соғу үшін 3,0 млн. тенге қаражат бөлініп, 3(үш) аялдама салынып, қолданысқа берілді.   Округтегі көше атаулары мен көше бағыттаушыларын жасатуға,  2634,0 млн. теңге қарастырылып, қаражаты  толығымен игеріп, жұмыстар атқарылды.          Сұрат ауылдық округі Аққайнар ауылында сел басу қауіпін алдын алу мақсатында, дренаждық каналына 7,320 млн. тенге қаражат  бөлініп, аталған мәселе толығымен орындалды.            2024 жылы атқарылатын және дамудың жоспары Ауылдық округті дамыту үшін инвесторлар және жеке қаражат есебінен бірнеше жобаларды іске асыру көзделуде. Атап айтқанда:
  1. Балалар ойын алаңдарын күрделі жөндеу жоба құны 33,0 млн теңге (аудандық бюджет)
  2. Екінші ұңғыманы іске қосу жоба құны 11,0 млн теңге (аудандық бюджет)
  3. Бордақылау алаңы жоба құны 84,7 млн теңге (жеке инвестиция)
  4. Мал басын көбейтіп өсіру (Еділбай қойы) жоба құны 45,5 млн теңге 860 аналық 30 қошқар. (жеке инвестиция)
  5. Сауынды сиыр сүт бағыты бойынша жоба құны 350 000 000 млн теңге. (жеке инвестиция)
  6. Тескентоған ауылында саябаққа абаттандыру жұмыстарын жүргізу. Жоба әзірленуде.
  7. Сұрат ауылындағы саябақты абаттандыру. Жоба әзірленуде.
  8. Спорт кешенін салу. жоба құны шамамен 848,0 млн теңге
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар