Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Меркілік термешілер бақ сынасты

Меркілік термешілер бақ сынасты
ашық дереккөзі
Меркілік термешілер бақ сынасты
Бүгін Мерейлі Меркі ауданында «Текті сөздің төресі – терме» атты аудандық термешілер байқауы өтті. ⠀ ⠀ Байқауға түрлі салаларда қызмет етіп жүрген 15 термеші қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. ⠀ ⠀ Байқаудың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбеков терменің қазақ халқы руханиятында алар орны мен ұлттық құндылықтарды жаңғыртудағы маңыздылығы жайында айтып, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі. ⠀ ⠀ Сонымен, байқауға қатысқан термешілер екі кезеңде бақ сынады. Алғашқы кезеңде үміткерлер кез келген өңірдің терме үлгілерін орындаса, екінші кезеңде Майлықожаның бір термесін орындау міндеттелді.⠀ ⠀ Қазақ өнерінің ішінде өзіндік орны бар, тәлім-тәрбиеге толы ерекше өнердің орындаушыларын зиялы қауым өкілдерінен құралған арнайы қазылар алқасы байқау талаптары бойынша бағалады. ⠀ ⠀ Қазылар алқасының шешімі бойынша, бас жүлдені – Тескентоған ауылынан Қанат Шәкібаев, 1-орынды – Ақермен ауылынан Нұрбек Жұмаханов, 2-орынды – Сұрат ауылынан Еліс Молдабаев, ал 3-орынды Ақермен ауылынан Олжас Жұманов жеңіп алды. Сондай-ақ байқаудың қалған қатысушылары да әртүрлі номинациялар бойынша үздік деп табылды. ⠀ ⠀ Байқаудың барлық қатысушысы диплом және сыйлықтармен марапатталды.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар