Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Байқадам ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Байқадам ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
ашық дереккөзі
Байқадам ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Байқадам ауылдық округі 1998 жылы  құрылған. Жер көлемі 45828,1 гектар аумақты құрайды. Оның ішінде егістік жерлер – 333,9 га, жайылым – 7319,5 га. Ауылдық округке 1 елді мекен Саудакент   ауылы қарайды. Барлығы 995 аулада 1454 жанұя, 6115 адам тұрады. Жыл басынан бері 21 нәресте өмірге келді.           Ауылдық округ бойынша ауыл тұрғындарына қызмет ететін 25 әлеуметтік нысандарбар.  2 орта мектеп, 1 балалар өнер мектебі, 1 балалар спорт мектебі, 1 бала бақша, 1 аула клуб, 1 техника шығармашылық орталығы, 1 ауылдық мәдениет үйі, 2 ауылдық кітапхана, 1 пошта бөлімшесі, 1 аурухана , 1 емхана 1 мұражай, 1 мұрағат. т/б мекемелер орналасқан. Ауыл тұрғындары бос уақытын тиімді пайдалану үшін елді мекендерде 1 спорт кешені, 2 спорт зал, 2 саябақ, 4 кіші футбол алаңы, 1 балалар ойын алаңы, 4 стрит воркаут алаңшалары қызмет етеді. Жыл басынан бері 8 отбасы 43 адамға адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ауылдық округте 97 көп балалы ана, 82 мүгедек, 17 аз қамтамасыз етілген отбасы, 31 алтын алқа,  43 күміс алқа иегерлері бар. «Асар» жобасы аясында Саудакент ауылының тұрғыны Ахметова Жанар Тұрсынбекқызының тұрғын үйіне күрделі жұмыстар жүргізілді. Ауылдық округте аз қамтылған 32 отбасыға, демеушілер тарапынан азық түлік пакеттері, қысқы қатты отын, қаржылай көмектер берілді. Жастардың 2023 жылғы көктемгі және күзгі әскер қатарына баруын қамтамасыз ету барысында ауылдық округ бойынша 253 бала әскерге шақырылып, 21 жасөспірім Отан алдындағы борышын өтеуге әскер қатарына жіберілді. Ауылдық округтің негізгі бағыты ауылшаруашылығы саласы: атап айтқанда  егін егу мен  мал  шаруашылығы. Бүгінгі күнге МІҚ 3715 басты, қой-ешкі 20126 мың басты, жылқы малы 1409 басты, түйе 300 басты, құс 3386 басты құрап отыр. Ауылдық округ бойынша 24 шауа қожалық  жұмыс жасайды. Оның ішінде 13 мал шаруашылығымен 11 егін шауашылығымен айналысады. Жалпы суармалы егістік 314 га жер игерілді. Жалпы995 аула, 11 шаруа қожалығы 13 500 тонна шөп дайындалды. Лизинг бойынша шаруа қожалықтар былтырғы жылы 7 трактор алды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында несие алуға ауыл тұрғындары  өтініш беріп, 4 азамат несие алып кәсібін ұлғайтуда. 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грант қаражатын көпбалалы, аз қамтылған  7 ауыл тұрғыны  алып мақсатты түрде пайдалануда. 2023 жылға бекітілген бюджеттің қаржылық жылдық жоспары 153,3 млн тенге. Салықтық түсім жоспары 15 млн 147 мын тенге. 2023 жылы салықтым түсім 22 млн 261,3 мың теңге (146,9 % -ға) орындалды. Ауылымыздың Н.Әбдіров, Ж.Аймаутов, Орталық саябақ, І.Жансугуров,  Абай, Ә.Өзденбай, Қазыбек би, С.Сейфуллин көшелеріне 12,6 млн теңге қаржыға түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Ұ.Есенбеков көшесіне 10,5 млн теңгеге кіші футбол аланшасын орнатылды. М.Күздеубаев көшесінде жөндеусіз жатқан кіші футбол алаңшасы теңгерімге алынып 4,1 млн теңге жөндеу  жұмыстары жүргізілді. Ы.Дүкенұлы кесенесін 15,4 млн теңгеге жөндеу, аббатандыру жұмыстары жүргізілінді. Б.Адамбаев орта мектеп алдына  6,7 млн  теңгеге аббаттандыру жұмысы жүргілді.Сонымен қатар мектеп жанында орналасқан көшеге  лоток орнатылды. Көгалдандыру жұмысы бойынша ауылымызға 850 түп  тал егілді.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар