Жаңалықтар
Мыңбұлақ ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- author Zhambylokq
- 13 наурыз, 2024
- 110
Мыңбұлақ ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Мыңбұлақ ауылдық округі бойынша 2 елді мекенде жалпы 822 аула, 4536 тұрғын бар, округ бойынша 364 өзге ұлт өкілдері тұрады. 2 елді мекенде: 2 орта мектеп, 3 бала-бақша, (1 мемлекеттік, 2 жекеменшік) 1 медициналық пункт, 1 ауылдық клуб, 2 кітапхана, 1 ветеринариялық пункт халыққа тұрақты қызмет көрсетуде. Ауыл шаруашылығы саласы: Мыңбұлақ ауылдық округі бойынша 2023 жылға 130 шаруа қожалығы тіркелген, оның ішінде барлығы бүгінгі күнге жұмыс істеп тұр. 2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша шаруа қожалықтар мен жеке тұрғын үйлердің мал санын қосқанда барлығы 2498 бас мүйізді ірі қара, 8800 бас ұсақ мал, 752 бас жылқы, үй құсы 4740 тіркелген.
Мыңбұлақ ауылдық округінің жалпы жер көлемі – 15801 га. құрайды.
Оның ішінде елді мекен жерлері – 1508 га, 277 га. егістік, көп жылдық екпелер 32 га, жайылым 661 га. және 538 га. басқа да жерлер.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы шаруа қожалықтардың жерлері – 9864 га, оның ішінде 6042 га. егістік, көп жылдық екпелер 23 га, шабындық 3 га, жайылым 3796 га. және басқада жерлер.
Орман жер қоры жерлері – 40 га, оның ішінде жайылым 40 га.
Босалқы жер қоры – 4226 га, оның ішінде 610 га. егістік, шабындық 47 га, жайылым 2430 га. және 1139 га. бөгде жерлер.
2023 жылдың көктемгі және күзгі дала жұмыстары бойынша 300 га. бидай дақылы егіліп, әр гектарына 17,1 центнерден, 1670 га. арпа дақылы егіліп, әр гектарынан 15,4 центнерден, 1206 га. мақсары егіліп, әр гектарына 8,8 центнерден өнім алынды. Сонымен қоса 20 га. дәндік жүгері 38 центнерден, 233 га. картоп,246 центнерден, 24 га. көкөніс, 260 центнерден, 315 га. жоңышқа егіліп, орташа өнімділікпен өнім алынды. Жоспар толығымен орындалды. Асыл тұқымды мал бағытында малды асылдандыру үшін сатып алынған қойларға «Елдар» шаруа қожалығының жетекшісі Есеналиев Ерманап 5 000 000 теңге субсидия алды.
- Егістік жерлерге тамшылатып суғару қондырғысын субсидиялау бойынша «Дулат» шаруа қожалығы 100 200,0 мың теңгеге субсидия алды.
- «Экос», «Айдар» шаруа қожалықтары күздік бидай мен картоп дақылдарына элиталы, жоғары репродукциялы тұқымдар алып, 8 126 082 теңге көлемінде субсидия алды.
Ауыл аманаты 2,5 пайыз несие бойынша СПК «Орақ Балға – Мыңбұлақ» коорперативі құрылды, төрағасы Паинштейл Роберт Аксанович. 122 адам өтінім берілді, соның ішінде 3 бағыт мал бағыты бойынша 117 адам, V бағыт кәсіпкерлік саласы бойынша 5 адам. 895, 139 000 қаражат соның ішінде 795,139 000 мал бағыты және кәсіпкерлік саласы бойынша, қалған қаражат 100, 000 000 млн техника бойынша, қазіргі таңда ЮТО 1304, ЮТО 504 маркалы техникалары алынды. 25 (148бас МІҚ, 104 бас жылқы, 511бас уақ мал барлығы 763 бас ) адам мал алды. Кәсіпкерлік саласы: Жалпы округ бойынша 270 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) 3 Ауылшаруашылық өндірісік кооператив (АШӨК), 130 шаруа қожалық, 135 жеке кәсіпкер. Осы кәсіпкерлік субъектілерінде 292 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, 8 азамат «Бастау-Бизнес» сертификаттарын алып, нәтижесінде 5 ересектер 3 жас 1 380,0 мың теңгеден қайтарымсыз грантқа ие болды. Салықтық түсімдер: 2023 жылға салықтық түсімдерге 10 975 мың тг жоспарға қойылған, орындалғаны 18 491,2 мың тг, жоспар 168,5 пайызға орындалды. Қаржы игерілуі 2023 жылдың қорытындысы бойынша төлемдер жоспары 181 572,0 мың теңге болса, нақты 181 570,0 мың теңге игеріліп, жоспар 100,0 пайызға орындалды. Әлеуметтік қамсыздандыру бағыты бойынша атаулы әлеуметтік көмек 2022 жылы 53 отбасына тағайындалса, 2023 жылы 42 отбасына тағайындалып 23 094 307 теңге көмек берілді. 2024 жылдың қаңтар, ақпан айларында 24 отбасынан өтініш қабылданып, 2 отбасына бас тартылып 22 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның» аясында округ бойынша шаруа қожалықтар мен мемлекеттік мекемелерге жоспар 192 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып нәтижесінде 146 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды, жастар практикасымен 20 азамат, әлеуметтік жұмысқа 17 азамат(ша), қоғамдық жұмысқа 50 адам тартылды. Қайтарымсыз грант бойынша 8 отбасы көмек түрін алды. Оның ішінде 3-жастар, 5-ересектер. Қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту бойынша жоспар 8 нәтижесі 11 азамат(ша) оқуды аяқтап, сертификаттары берілді. Бизнес бастау бойынша жоспар 15 нәтижесінде 56 отбасына берілді. «Бірінші жұмыс орны» және «Күміс жас» жобалары бойынша 13 жеке кәсіпкер жұмысшылармен қамтылды. Бір жолдық көмек бойынша 2023 жылы 14 отбасының өтініші келіп түсті, зерделеп тексеру барысында 14 отбасына көмек тағайындалды. Алтын алқа және Күміс алқа наградалары бойынша 4 ана құжат өткізді, 2 ананың құжаттары қабылданып, 2 ананың құжаттары дұрыс болмауына байланысты кері қайтарылды. Қайырымдылық іс шаралар бойынша ауылдық округте тұрмысы төмен 47 отбасына 993 000 мың теңге көлемінде азық-түлік және ет өнімдерімен қамтамасыз етілді. Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Көлбастау ауылының тұрғынына көп балалы аз қамтылған отбасыға «Асар» бағдарламасы аясында көлемі 10х16 болатын 5 бөлмелі үй жаңадан
салынып желтоқсан айында пайдалануға берілді. Округте жастар саясаты бойынша да тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінгі күні округте 14 пен 35 жасқа дейінгі 1211 жастар бар. Олардың 119 жоғары оқу орнында оқыса, 68 арнаулы оқу орындарында білім алуда. Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы: Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет туралы» Заңына сәйкес 2023 жылы көктемгі - күзгі әскерге шакыру бойынша 20 азамат әскер қатарына жөнелтіліп жоспар 100 пайызға орындалды. Инфрақұрылымды дамыту аясында:
- Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға 2023 жылы 4 063,0 мың теңге бөлінді. Талапты ауылын бақша сумен жабдықтау үшін «Әділет» ЖК 4063,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып, жұмыстар толығымен атқарылды.
- «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде 2023 жылы Көлбастау ауылында мәдениет үйінің құрылысын салу жұмыстарына 207 млн 229 мың теңге қарастырылып, 196 млн 655 мың теңгеге «БекСтрой» ЖШС келісім шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде, өтпелі кезеңмен 2024 жылы аяқтау жоспарлануда.
- «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде 2023 жылы Абай көшесін орта жөндеу жұмыстарына 66 389,0 мың теңге қарастылды. Көлбастау ауылы Абай көшесін орта жөндеу жұмыстарына 64 183,3 мың теңгеге "GAZSTROY COMPANY" ЖШС-мен келісім шарт жасалып, жұмыстар толығымен аяқталды.
- Ауылдық елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағыты бойынша Көлбастау ауылындағы Қ. Рысқұлбеков көшесінің сыртқы жарықтандыру жұмыстары "IREN MAKS COMPANY" ЖШС мен 4 426, мың теңге келісім шарт жасалынып жұмыс толық аяқталды.