Жаңалықтар
Жаңатоған ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
- author Zhambylokq
- 15 наурыз, 2024
- 175
Жаңатоған ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Жаңатоған ауылдық округі 3 елді мекеннен тұрады (Қостоған, Мыңқазан және Қызылсай). Округ бойынша халық саны 4085 тұрғын. Қостоған ауылы – 2382 тұрғын, 385 аула, Мыңқазан ауылы – 1233 тұрғын, 191 аула, Қызыл сай ауылы – 470 тұрғын, 75 аула. Округте 12 көше, 651 аула бар. Жалпы 7 түрлі ұлт өкілдерінен құралған. Зейнеткерлер саны – 432, мүгедектері – 111, аз қамтылған отбасылар саны – 21, тыл ардагерлері – 11, уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар саны – 26 адам.
Ауыл бюджеті 2023 жылы 148 566 000 теңгені құрады.
Ауылдық округтегі 3 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Бүгінгі күні көгілдір отынмен 100% қамтылып отыр.
2023 жылға Мыңқазан ауылынының шығыс жақ бетінен тұрғын үй салу үшін 14 га жерге инфрақұрылым (ауыз су жүйесі, электр жарығы) жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Мыңқазан ауылынан 90 келушіге арналған ауылдық клубтың құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Қостоған ауылындағы М.Бұлатаев және Ш.Әлімхожин көшелеріне және Р.Құлбаев көшесінің бұрылысына (әкімдік алдындағы жол) ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құны – 43222,0 теңге. Қызыл сай ауылының төменгі жағына 0,8 гектар жерге 1500 түп қарағаш егілді. Құны – 300 мың теңге. Қостоған ауылының тау жағынан су тасқынының алдын алу мақсатында ұзындығы 1,8 шқ құрайтын дренаж қазылды. Құны–2510,0 теңге. Қостоған ауылының Жамбыл және Т.Абдрахманов көшесінің бұрылысына - 11 дана, Мыңқазан ауылындағы С.Әкімбеков көшесіне - 66 дана, Қызыл сай ауылының Б.Рысқұлбеков көшесіне – 45 дана күн сәулесімен қуат алатын жарықтандыру шамдары орнатылып, жұмыстары толығымен аяқталды. Құны – 14 197,0 теңге.
Қостоған ауылындағы кіші футбол алаңына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құны–4494,5 теңге. Б.Тойлыбаев және Д.Қонаев көшелерінің арасына тратуар жол салынды. Құны-2184,0 теңге. Сонымен қатар, қыркүйек айында Қостоған ауылы бойынша барлық ескі түнгі жарықтандыру шамдары электр үнемдейтін шамдарға ауыстырылды. Мыңқазан және Қызыл сай ауылдарына балалар ойын алаңдары орнатылды. Құны-7 991,0 теңге.
2024 жылы атқарылатын және дамудың жоспары
- Қостоған ауылындағы Б.Тойлыбаев көшесінің бұрылысына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу – құны 5272,0 теңге;
- Мыңқазан ауылына шығыс жақ бетінен кірме жолға ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу, - құны 3457,0 теңге;
- Мыңқазан ауылындағы Ынтымақ көшесіне ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу – құны 19483,0 теңге;
- Қостоған ауылдық кітапхана ғимаратына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу, ЖСҚ әзірленуде.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы
- авторZhambylokq
- 25 желтоқсан, 2024