ТАЛАСТЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНЫН АШУҒА МҮДДЕЛІ
- author Zhambylokq
- 27 наурыз, 2024
- 165
Арнайы кездесуде инвестиция тартуға мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер, кәсіпкерлікті дамыту бойынша қолдау шаралары айтылды, сонымен қатар, шешімін күткен мәселелерде қарастырылды. Талас ауданын өркендетуге қатысты ұсыныстар, жобалар талқыланды.
Натрий ционидін өндіретін «Talas Investment Company» кәсіпорны 2014 жылдан бастап іске қосылған. Қазіргі уақытта қалыпты режимде жұмыс жасауда. 300 адам жұмыспен қамтылған. Өндіріс қуатын 30 мың тоннаға дейін жеткізу мақсатында натрий цианидін өндіретін зауыттың екінші кезеңінің құрылысы жүруде.
Қаратау қаласында орналасқан «AsiaChem» фосфор тыңайтқышын өңдеу зауытында 230 адам жұмыс атқаруда. Негізгі қызметі, фосфор тыңайтқышын өңдеу болып табылады. Сонымен қатар, «Alina Group» ЖШС Қаратау филиалыда өз қызметін жүзеге асыруда. Зауыт мәрмәр өнімін шығарады. Жалпы қуаттылығын 110,0 мың тоннадан 190,0 мың тоннаға жеткізу мақсатында жұмыстар атқарылуда. Жоба жүзеге асса 25 адам жұмыспен қамтылмақ.
«Karatau Chemicals» ЖШС пиросульфит өңдеуді жүзеге асырады. Зауыт жылына 25,0 тонна пиросульфит натрий өндіруге қауқарлы. Бүгінгі таңда 30-дан астам адам жұмыс жасауда.
«Жамбыл Недр» ЖШС 2015 жылы құрылған. Зауытта 150 адам қызмет етуде. Қазіргі уақытта М400, М500 маркалы цемент өндіруде.
Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі сөз етілген жобалардың барлығы да аудан үшін аса маңызды екенін, соның негізінде жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджетке салық түсімі тұрақтанатынын, жалпы алғанда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жақсара түсетінін атап өтті.
ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
Ұқсас жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024