«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының директоры Асқанат Қадыров Қырғызстан Республикасы мен Жамбыл облысымен шекаралас аумақтағы Киров су қоймасында судың толып кетуі жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде пікір білдірді.
Қазіргі кезде Whatsapp мессенджерінде белгісіз біреулер Киров су қоймасында судың толып кеткені жайында ақпарат таратып жатыр. Аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
"Киров су қоймасының толып кетуі туралы ақпарат расталмаған.
Қазіргі уақытта "Киров" су қоймасында 439 миллион текше метр су бар. 79,9% толып тұр. Сондықтан "Киров" су қоймасының суға толып кету қаупі жоқ. Тұрғындарға еш қауіп төніп тұрған жоқ", - деді
Естеріңізге салсақ, мемлекет басшысы Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет екенін айтқан болатын.
Келесі мақала
ХҚКО-ҒА КЕЗЕКТІ АЛДЫН АЛА БРОНДАУҒА БАРУҒА БОЛА МА?
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024