Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ТАЛАС АУДАНЫНДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТАЛАС АУДАНЫНДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
ашық дерек
Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында 80 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй қайта қалпына келтіріліп пайдалануға берілді.

Салатанатты шараға аудан әкімі қатысып, қоныс той иелерін қуанышымен құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.

"Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы қарқынды жүріп жатқанын білесіздер. Елімізде соңғы жылдары экономиканың өрлеуі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы мақсатында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуының басым бағыттарының бірі ретінде тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істеуде.

Осыған байланысты Қаратау қаласындағы бос қалған көпқабатты үйлерді қайтадан күрделі жөндеуден өткізіп, ел игілігі үшін пайдалануға беру жұмысы қарқынды жүргізілуде.

Қаламыздағы Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан бес қабатты 80 пәтерлі көпқабатты үй қайта жөндеуден өтіп, ел игілігіне ұсынылғалы отыр. Бүгін 80 отбасына жаңа пәтерлердің кілті табыс етіледі. 80 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл баршамыз үшін үлкен қуаныш. Мұндай қуанышты сәттер болашақта да жалғасын таба береді"-деді аудан басшысы.

Қайта жөндеуден өткен үйдің кілттері кезекте тұрған көпбалалы жанұяларға, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге табыс етілді.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар