Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу

Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу
ашық дерек
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялық қызметінде «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының заңындағы өзгерістерге арналған баспасөз-конференциясы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Мадиев Сырым Ускенбаевич қатысты.

Мемлекеттік статистика органдарының негізгі міндеті қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Ресми статистикалық ақпаратты мемлекеттік статистика органдары статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкесреспонденттер заңды және жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары және қажетті ақпараты бар басқа да дереккөздер ұсынатын статистикалық байқаулар нысандары негізінде қалыптастырады.

         Статистикалық ақпарат кез-келген мемлекеттің экономикасын басқаруда маңызды рөл атқарады, өйткені басқарушылық шешімнің дұрыстығы көбіне оны қабылдаған мәліметтеріне байланысты. Статистика қоғамның барлық мүшелеріне әсер етеді, дегенмен көптеген адамдар оның өмірін қалай ыңғайлы ететінін байқамайды.

Мысалы, ресми статистикалық деректер бойынша 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында Жамбыл облысында 1228032 мың кВт.сағат электр энергиясы өндірілді. Бұл көрсеткіш «Кәсіпорынның өнімді (тауарларды, қызметтерді) өндіру және жөнелту туралы есебі» 1-П нысанының деректерінен қалыптасты. Бұл нысанды ай сайын 9 ірі және орта кәсіпорын тапсырады. Респонденттерден алғашқы статистикалық есептілікті алғаннан кейін Статистика департаментінің мамандары әдіснамада белгіленген форматтық-логикалық бақылаудың сақталуына, көрсетілген өлшем бірліктердің дұрыстығына, көрсеткіштерді алдыңғы есепті кезеңмен салыстырып мәліметтерді тексереді. Егер, мысалы, сәуір айындағы есепте респондент көрсеткен электр энергиясын өндіру көлемі наурыздағы мәннен едәуір асып кетсе (немесе керісінше айтарлықтай азайса), Статистика департаментінің мамандары респонденттерден өсу немесе төмендеу себептерін сұрайды. Өңделген ақпарат Ұлттық статистика бюросына жіберіледі және пайдаланушыларға жиынтық түрде жарияланады. Осы деректердің негізінде Энергетика министрлігі артық электр энергиясын басқа өңірлерге қайта бөлу туралы немесе жеткіліксіз болған жағдайда оны біздің өңірге қосымша жеткізу туралы шешім қабылдайды.

         Осы нақты мысалда біз респонденттердің бастапқы статистикалық есептілікті ұсынуға қаншалықты жауапкершілікпен қарайтындығына, көрсеткіштердің қаншалықты сауатты толтырылатындығына, ресми статистиканың сапасы, сәйкесінше одан әрі басқару шешімінің дұрыс қабылданатынына байланысты екенін көрсеткіміз келеді.

Сол сияқты тәсілмен біз жұмысшылар саны, жалақы, тасымалданған жүк, жолаушылар және т.б. туралы ақпарат жинаймыз.

Осы көрсеткіштердің барлығы біздің күнделікті өмірімізге әсер етеді, өйткені олардың негізінде жолдар, мектептер мен ауруханалар салу, жаңа жұмыс орындарын құру және тағы басқалар туралы шешімдер қабылданады.

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы заңының 17 бабына сәйкес «респонденттер статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес шынайы бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті». Сондай-ақ, тиісті бап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлер кодексінде бар.

 

Респондент жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректерді мынадай тәсілдердің бірімен:

1. электронды түрде;

2. қағаз тасымалдағышта;

3. компьютерленген телефон сауалнама жүйесі арқылы;

4. интервьюердің жеке сауалнамасын жүргізу арқылыұсынады.

 

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді өзге тәсілдермен (ОДО, е-өтініш, электрондық пошта, телефон бойынша, сауалнамадан басқа телефон арқылы) ұсынуына жол берілмейді.

 

2024 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті ағымдағы жылғы 8 маусымда күшіне енетін «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы заңының өзгерістеріне қол қойды.

Жаңа түзетулерде респонденттердің есептерді уақтылы тапсыруы үшін шаралар күшейтіледі.

Бастапқы статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда, респонденттерге статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттігі туралы хабарлама (бұрын қорытынды болған) жіберілетін болады.

         Статистикалық нысанды қайта ұсыну немесе берілген деректердің дұрыстығын растау үшін бір жұмыс күні ішінде(бұрын екі күн берілген)қосымша ақпарат ұсыну арқылы түзетулер енгізу мүмкін.

         Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзімде бастапқы статистикалық деректердіреспонденттердің ұсынбағаныанықталған кезде, профилактикалық бақылау жүргізбестенреспонденттер айыппұл түрінде бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. (бұрын профилактикалық бақылау жүргізіліп, қорытындылар жіберілген, бұл респонденттерге айыппұл санкцияларын салмай есепті тапсыруға мүмкіндік берді).

         Бұл түзетулер респонденттердің есептік тәртібінің нашарлауына және ұсынылатын бастапқы статистикалық есептілік сапасының төмендеуіне байланысты енгізілді.

Бастапқы статистикалық деректерді беру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту шаралары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 497 бабында жазылған, яғни:

  • бастапқы статистикалық деректерді дәйексіз ұсынғаны үшін респондент бірінші рет ескерту алады (1 бөлім 497 бап), егер бұзушылық қайталанса, айыппұл салынады;
  • статистикалық деректерді ұсынбағаны үшін респондентке айыппұл салынады, айыппұл сомасы кәсіпкерлік субъектілерінің көлеміне байланысты болады.

2024 жылы белгіленген мерзімдестатистикалық есепті ұсынбағаны үшін (ӘҚБтК 497 бабы 2 бөлігі) айыппұл сомасы:

 

Шағын кәсіпкерлік субъектісі

51 688 теңге (14 АЕК)

Орта кәсіпкерлік субъектісі

73 840 теңге (20 АЕК)

Ірі кәсіпкерлік субъектісі

443 040 теңге(120 АЕК)

 

2024 жылы 1 АЕК (айлық есептік көрсетткіш) 3 692 теңгені құрайды.

Респонденттерге қатысты қысқартылған іс жүргізу қолданылады, яғни егер респондент айыппұлды жеті жұмыс күні ішінде төлеуге келіссе, онда айыппұл сомасы көрсетілген соманың 50%-ын құрайды.

Пайдаланушылармен және респонденттермен кері байланысты қолдау, сондай-ақ,Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросында консультациялық қызметтер көрсету мақсатында,өтініштерді қабылдаудың «Фронт-офис Бюро» бірыңғай нүктесі жұмыс істейді.

Туындаған мәселелер бойынша кеңес алу (бұл ақпарат іздеу және сайт бойынша навигация, статистикалық нысандарды толтыру, статистикалық есептерді тапсыру кезінде техникалық қолдау алу) үшін:

•        1446 номері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы;

•        Telegram-Bot @statgovkz_bot

•        stat.gov.kz сайтында«Онлайн-консультантқа» хабарласуға болады.

 

Жамбыл облысы бойынша

Статистика департаментінің

баспасөз қызметі

тел.: 45-64-22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар