«Мемлекеттік статистика туралы Заңға» өзгеріс енгізілді. Өзгертулер статитикалық деректерді жинау тетігін жетілдіруге бағытталған.
Заң жобасы қабылданғаннан кейін формаларды қысқарту процесі айтарлықтай жеделдей түседі. Есептемелерді кәсіпкерлік субъектілері, бюджеттік ұйымдар тапсырады, сауалнамаға қарапайым азаматтар қатысады. Бұл — жүктеме. Ал дер уақытында тапсырмағаны немесе күмәнді деректер үшін жауапкершілік қарастырылған.
Аталған өзгерістер 2024 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енеді. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Сырым Мадиев хабарлады.
Келесі мақала