Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Сарыбұлақ ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Сарыбұлақ ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
ашық дерек
Сарыбұлақ ауылдық округ бойынша халық саны – 7860 адам, аула саны – 1278.

Ауылдағы тіркелген шағын және орта субъектілері – 252 оның ішінде шаруа қожалықтар саны – 147, жеке кәсіпкерлер – 73, жұмыс істеп тұрған 25 дүкен және  3 жанар-жағар май стансасы, 2 – шаштараз нысандары бар.

 Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік

Сарыбұлақ ауылдық округі бойынша барлық жер көлемі 27967 га, егістік – 16839 га, жайылым жерлер – 4986 га (оның ішінде елді мекен - 2264га, суғармалы – 7888 га) 

Жалпы ауыл округінде 2023 жыл бойынша 4586 мүйізді ірі қара, 19973 ұсақ малдар және 397 жылқы малы, 15476 құс тіркелген.

Ауылдық округте 2023 жылы 3437 га күздік бидай себіліп өнімділіге әр га-дан 6 центнер  айналды , 2669 га жерге жаздық арпа себіліп әр га дан 6 центнер  алынды. Сонымен қатар  1229 га жерге жүгері , 17 га жерге картоп , 280 га жерге көкөністер  және 3790 га жерге   көпжылдық шөп егілді.

                               Инвестиция тарту бойынша

2023 жылға округ бойынша 8 000,0 мың теңгеге ЖК «Рамазан» көлік жуу орнын, 32 000,0 мың теңгеге  «Ерсайын» ШҚ тамшылатып суғару 30 га, 8 500,0 мың теңгеге «Нөсер» ШҚ электр жүйесін тарту, «Самғау» ШҚ 10 500,0 мың теңгеге электр жүйесін тарту, 56 000,0 мың теңгеге «Айдана» ШҚ техника трактор сатып алынды.

Ауыл аманаты» жобасының

Сарыбұлақ ауылдық округі 2023-2024 жылдары «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға жалпы 388,8 млн. теңгеге  75  ауыл тұрғындарын       2,5%-бен несиелендірілуге құжаттар СПК Таразға тапсырылды.

2023 жылдың 20 қарашадан - 30 желтоқсанға СПК Таразға 75 үйдің құжаты  тапсырылды (100%).

Бүгінгі күні  58 адамның құжаттары мақұлданып, қаражаттары түсті. Қалған 9 несие алуға ниет білдірушілердің құжаттары  қаралуда. 11 адам несие алудан бас тартып, тиісті арызын жазды.

         Ауыз су мен суармалы судың мәселесі

Бүгінгі күнге Сарыбұлақ ауылдық округінде ауыз су құбырын  жүргізу жұмыстары қазіргі таңда 90% аяқтады . Сарыбұлақ аулындағы құрылыстың ұзындығы 21,8 шақырым, сметалық құны 827,9 млн теңге, 722,0 млн теңгеге келісім шарт жасалды. Барлық ҚМЖ-95%.

2024 жылдың мамыр айында Қайнар ауылында ауыз су құбырының жұмыстары толық аяталды, алдағы уақытта абонент құбырын тарту маселесі жоспарлануда.

Құрылыс жұмыстар

        Сарыбұлақ, Қайнар ауылының Абай, Үшқоңыр, Шаңырақ, Гагарина, Д.Қонаев көшелерінің жарықтандыруларына техникалық қызмет жұмыстары жүргізіліп, лампалары ауыстырылды. Сонымен қатар көшелерді жарықтандыру жүйесіне техникалық қызмет көрсетуге 470 мың тенге жұмсалды. Сарыбұлақ ауылында Күмісбұлақ және Гагарин көшелерін Қайнар ауылында Достық көшесінде  орташа жөндеуден жұмыстары жүргізілді. Сарыбұлақ ауылына алея салынып , саябақ қоршалды. Қайнар ауылына балдар ойын алаңшасы және кіші футбол ойын алаңы салынды. 2024 жылы екі ауылда қосымша Смаглюк, Жамбыла, Мектеп көшелерінің қыйлыстарын  Тың, Абай, Жанакүш және Ақмұнар көшелерін жөндеуге сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп, қаражат қарастырылуда.

Әлеуметтік және қайырымдылық көмек

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке қайрылған 38 отбасына оның ішінде 215 адамға 24 154,7 теңге әлеуметтік көмек тағайындалды. 2023 жылы газ әсерінен үй құлауына байланысты ауыл тұрңындарымен үйін күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізіліп, көмек көрсетілді  (асарлатып).

Сонымен қатар, 2023 жыл қортындысы мен ауылдық округтің белсенді азаматтары тарапынан отбасылық тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына 1 359,0 теңгеге түрлі қайырымдылық көмек көрсетілді.

         Қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 2023 жылы 1азамат, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 2023 жыл бойынша 15 азамат жастар тәжірибесінен өтті.  

Сондай-ақ, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 2023 жыл бойынша 49 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Қайтарымсыз грантпен 2023 жылы жоспар 10 азамат болса, 2 адам камтамасыз етілді.

Тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша 71 азамат жұмыспен қамтылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар