Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
ашық ақпарат
Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі – 10 289,6 млрд.теңге, НКИ 101,3% (2023 ж. – 7 532,1 млрд. теңге, НКИ 103,4% ) Ауыл шаруашылығы өнімі көлемі – 6 566,9 млрд.теңге, НКИ 101,5% (2023 жылы –6 245,5 млрд. теңге, НКИ 101,8%) Инвестиция көлемі – 17 840,2млрд теңге, НКИ 125%, (2023 ж – 14 202,5 млрд.тенге, НКИ 361,3%) Құрылыс жұмыстары – 9 660,3 млрд.теңге, НКИ 92,1%, (2023 ж – 10 330,3 млрд.тенге НКИ 381%) Тұрғын үй көлемі - 8732 ш.м. НКИ 101,4%, ( 2023 жылы –8609 м2, НКИ 114,5%). Сауда айналымы – 9 993,3 млрд теңге, НКИ 128,1%, (2023 жылы –7 800,9 млрд, НКИ 137,9%).

Шу ауданында 2019 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы 5 ауылдық округте іске  асырылған. Жобаның бес бағыты бойынша 715 өтінім қарастырылып, барлығы 4,2 млрд.теңгеге  несиелендірілді.

 

 

 

Ағымдағы жылы жайылым жерлердің пайдалануына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 20,0 мың га жайылым жер жетіспейтіндігі анықталып отыр.

Мәселені шешу үшін бірқатар жұмыстар жүргізілді. Елді мекеннің жайылым жерлерін ұлғайту бойынша аудандық босалқы жер қорынан қосымша 21,0 мың гектар жайылымдық жер учаскелері (Шоқпар-5000 га, Бірлік-2000 га, Жаңақоғам-5000 га, Далақайнар-4000 га, Өндіріс-5000 га) жер комиссиясында қаралып оң қорытынды қабылданып, жылдың соңына дейін бекітіп берілетін болады (2024 жыл).

Жалпы ауданда 94 канал бар (3 магистралды,91 шаруашылық канал)

1. ПУИД-2  жобасы аясында  16 нысанға қайта жаңғырту жүргізілуде (103,9 км), 5 863 га суармалы алқабы бар.

(«Туннель Садд Ариана» компаниясы  2022 ж.  4 ақпаннан  жұмыстар атқаруда.)

Оң жағалаудағы магистралды канал бойындағы                         9 каналдың  жөндеу жұмыстарын аяқтап, 2025 жылға жұмыс жасайтын боламыз.

 

Бүгінгі күнге Шу ауданы тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі тұрғын үй мәселесі. Ауданда тұрғын үй кезегінде қазіргі уақытта 1747 адам тіркелген. (Жетім балалар, көп балалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар). Соңғы 30 жылдам астам уақыт бойы аудан аумағында көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілмеген.

Ауданда 35 елді мекеннің 27-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған немесе 74,3% құрайды.

Шу ауданындағы 35 елді мекеннің табиғи газбен қамтылғаны 18 е.м. немесе 51,42% құрайды.

 

Ауданда 114 білім мекемесі бар (47 мектеп, 37 балабақша (оның ішінде мемлекеттік-23, жеке мекшік-14), 4 коледж, 7 мектептен тыс мекеме, 1 коррекциялық кабинет).

48 мәдени ошақтары бар (21 мәдениет үйлері мен клубтар, 25 кітапхана, 1 мұражай, 1 мұрағат)

5 спорт мекемесі бар (4 балалар жасөспірімдер спорт мектебі,1 бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығы)

Шу ауданы бойынша жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 844,82 шақырымды құрайды.

Республикалық маңызы бар 2 жолдың ұзындығы 118 шақырым,

Облыстық маңызы бар 3 жолдың ұзындығы 112,1 шақырым,

Аудандық маңызы бар 17 жолдың ұзындығы 71,72 шақырымды

Ішкі көше жолдары 543 шақырым.

Шу қаласында ұзындығы – 204,2 шқ құрайтын барлығы 313 көше бар болса, оның ішінде мүлдем асфальтталмағаны - 164 көше  немесе 52% (асфальтталғаны 149 көше немесе 48 пайыз).

 

 

 

 

 

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар