«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы сумен жабдықтау, тұрақты суару және жайылымдарды суландыру, санитариялық-экологиялық мақсаттарға су жеткізу жөніндегі қызметтердің ірі жеткізушісі.
Филиал теңгерімінде барлығы 496 ГТҚ бар, оның ішінде:
- 7 су қойма (жалпы су жинау көлемі 841 млн.м³)
- 2 су бөгеті,
- 11 су тораб,
- 349 дана су шаруашылық каналдар (ұзындығы 2177,631 км),
- 81 дана коллектор жүйесі (ұзындығы 407 км),
- 46 дана ұңғыма
Анықтама үшін:Жамбыл облысы бойынша су беру қызметі 10 әкімшілік аудан бойынша жүргізіледі, оның ішінде 5 аудан бойынша ішкі су көздер есебінен - Жуалы, Сарысу, Т.Рысқұлов, Шу, Мойынқұм және Меркі.
Трансшекаралық су көздері бойынша қалған 5 аудан Шу мен Талас өзендеріне тәуелді. Шу өзеніне тәуелді Қордай, Меркі ауданы (ЗБЧК) және Талас өзеніне тәуелді Байзақ, Жамбыл және Талас аудандары.
Суармалы маусымға дайындық жұмыстары аясында облыс аумағындағы филиалға тиесілі ұзындығы 75,3 км 22 каналға механикалық тазалау, 18 бетонды каналдардағы жыраларды бетондау, 7 каналдың жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, істен шыққан 59 дана су өлшеу бекеттері қайта жаңғыртылды, тазалау, әктеу және сырлау жұмыстары жасалынды, аталған іс-шаралар гидротехникалық құрылымдардағы көпірлер мен қақпаларда да атқарылды.
Аудандардағы өндірістік бөлімше қызметкерлері каналдардағы күз-қыс айларында жиналып қалған қоқыстарды тазалау және кепкен шөптерді өртеу, судың ағысына кедергі болатын тасындыларды алу сияқты жұмыстар дажасалынды.
Суару кезеңіне дайындық барысында ауа-райының болжамы ескеріліп, Филиал теңгеріміндегі барлық 7 су қойманың жұмыс істеу графигі әзірленді.
2024 жылдың суармалы маусымына су қоймаларға қажетті су көлемі жиналуда. Облысымыздың ен үлкен су қоймалары Тасөткел, Теріс Ащыбұлақ және Талас өзенінің негізгі су көзі болып табылатын Қырғыз мемлекетінде орналасқан Киров су қоймаларының толуы төмендегідей: Шу және Мойынкум аудандарын ағын сумен қамтамассыз ететін Тасөткел су қоймасы бүгінгі күнге 100 пайызға толған (474,0 млн.м³), су тапшылығы болмайды деп жоспарлануда.
Теріс –Ашыбұлақ су қоймасы бүгінгі күнге рұқсат етілген көлемінен 93 пайызға толды (135,0 млн.м³)
Ақпарат үшін:Су тасқынын алдына алу мақсатында су қойма транзиттік режимде жұмыс атқаруда. Тасталып жатқан су Аса өзені арқылы Биликөл және Ақкөл көлдерін толтыруда.
Қордай ауданында орналасқан Караконыз және Қақпатас су қоймалары бүгінгі күнге 99 пайызға толды. Аталған су қоймалар транзиттік режимде жұмыс атқаруда. Тасталып жатқан сулары Шу өзеніне қосылуда.
Аккөл көлі бүгінгі кунге 34 пайызға (90,97млн.м³) ғана толған, вегетациялық маусымға дейін көлге тиісті көлемде су жиналмайды, кәзіргі таңда көлге су жеткізу бойынша жұмыстар атқарылуда.
Қырғыз елінде орналасқан Киров су қоймасы бүгінгі күнге 82 пайызға (449,46 млн.м³) толған.
Ынталы, Буркітті, Жартас су қоймалары бойынша жағдай көп жылдық орташа көрсеткішке сәйкес болған жағдай су тапшылығы болмайды деп жоспарлануда.
2023 жылдағы су тапшылығына байланысты облысымыздың бірқатар аудандарында төтенше жағдай жарияланған болатын.
Жалпы облыс бойынша жылдық жауын-шашын мөлшері орташа болған жағдайда 90 000 гектар алқапты 682,0 млн.м³ сумен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.
Ақкөл ӨБ (Талас ауданы)бойынша 1 020 га
Ақсай ӨБ (Жуалы ауданы) 3000 га
Аса ӨБ (Жамбыл ауданы) 17 863 га
Байзақ ӨБ (Байзақ ауданы) 16 131 га
Қордай ӨБ(Қордай ауданы) 15 515 га
Құлан ӨБ (Т.Рысқұлов ауданы) 1 308 га
Мерке ӨБ (Меркі ауданы) 3 204 га
Сарысу ӨБ (Сарысу ауданы) 2 500 га
Тасөткел ӨБ (Шу ауданы) 28 272 га
Мойынқұм ӨБ (Мойықұм ауданы) 1000
Ақпарат үшін:Ақпан-наурыз айларында аудан әкімдері халық алдында есеп беру кезінде 2024 жылдың суару кезеңіне жоспарлар айтылып, ылғалды көп қажет ететін ауылшаруашылығы дақылдарын су шаруашылығы мекемелерімен келісіп егуге шақырылды. Сонымен қатар, жазбаша түрде облыс әкімінің атына, барлық аудан әкімдеріне, ауыл шаруашылығы басқармасына хаттар жолданды.
ШУ АУДАНЫНДА БИЫЛ 73 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ
Ұқсас жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024