Ветеринария саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысы
- author Zhambylokq
- 7 маусым, 2024
- 342
Облыс бойынша 5 айда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында (бұдан әрі - АШЖБ) барлығы 4,7 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген. Облысымыз мал саны жағынан Республика бойынша екінші орында.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары 5 (бес) айлық жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалды. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 8,7 млн. манипуляция жүргізілді.
Конго-Қырым Геморрагиялық Қызбасына қарсы 2024 жылға арналған жоспарға сәйкес облыс аумағында эндемиялық аймаққа енгізілген 46 елді мекенде (Байзақ - 3, Жамбыл - 2, Мойынқұм - 14, Сарысу – 12, Талас - 9, Шу - 6) 6,4 млн. шаршы метр аулалар мен қора жайлар және барлығы 560 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына екі кезеңдегі залалсыздандыру жұмыстары (аудан әкімдерімен бекітілген кесте бойынша) толығымен жүргізілді.
Ұқсас жаңалықтар
ТАРАЗДА «ТӘУЕЛСІЗДІК» МОНУМЕНТІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ
- авторZhambylokq
- 17 желтоқсан, 2025






