Тамақтан улану дегеніміз бұл, табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын, қарым қатынас арқылы жұқпайтын ауру. Тамақтан улану – бұл әдетте ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүретін ауру. Әр түрлі микроорганизмдердің, көбінесе бактериялардың ағзаға тағаммен бірге түсуі оның себебі болуы мүмкін.
Жедел ішек инфекциясы – ас қорыту жолдарын зақымдайтын инфекциялық аурулар тобына жатады.
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары талдау жүргізіп, жедел ішек инфекцияларымен сырқаттану жағдайларының 78 % астамы жеке гигиенаны сақтамаумен және үйде дайындалған өнімдермен байланысты екенін анықтады.
Жалпы профилактикалық іс-шаралар үш ережеге негізделген:
1. бактериялармен жұқтырылуының алдын алу (жеке гигиена ережелерін сақтау арқылы қол жеткізіледі);
2. бактериялардың көбеюінің алдын алу (тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтаудың температуралық жағдайларын қамтамасыз ету);
3. бактерияларды жою және олардың токсиндерін жою (тағамды термиялық өңдеу).
Сатып алу кезінде өнімнің шығарылу күні мен сақтау мерзімін, қаптаманың тұтастығын тексеріңіз. Есіңізде болсын, тамақтан уланудың алдын алу үшін тамақ дайындау кезінде гигиена қағидаларын және тағамды дұрыс сақтау әдісін білу қажет. Тағамның түсіне, иісіне және дәміне назар аударыңыз. Өнімнің консистенциясының өзгеруі мен оның бетінде шырыштың пайда болуы оның бүлінгендігінің белгісі болуы мүмкін. Көгерген тағамдарды, бүлінген көкөністер мен жемістерді, ісінген консерві банкасы мен пакеттегі шырындарды немесе ашыған сүт өнімдерін өкінбестен тастаңыз. Пісірілген тағамдарды тоңазытқышта 24 сағаттан артық сақтауға болмайды; белгісіз адамдардан белгіленбеген сауда орындарында тамақ өнімдерін сатып алмаңыз, әсіресе бұл тез бұзылатын тамақ өнімдеріне қатысты: сүт, сүзбе, қаймақ; үйде дайындалған кез келген тамақ өнімдері; тез бұзылатын тағамдар мен дайын салаттарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтамаңыз, себебі бұл бактериялар мен токсиндердің жиналуына әкелуі мүмкін.
Егер сіз улану белгілерін сезінсеңіз (қызба, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, диарея) тез арада дәрігерге қаралыңыз.
Осы қарапайым ережелерді сақтау өзіңізді және жақындарыңызды тамақтан уланудан және жіті ішек инфекцияларынан қорғауға көмектеседі! Баршаңызға жаз мезгілі аурусыз болсын!