Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде ауданға 4,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 71,4%-ды құрады.
Биыл ауданға 49,6 млрд. теңге инвестиция тартуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 10,9 млрд. теңгеге 268 жұмыс орнын құрайтын 44 инвестициялық жоба іске асырылады деп күтілуде. Жыл басынан жалпы құны 569,7 млн. тенгені құрайтын 9 инвестициялық жоба іске асырылып, мұнда 46 жаңа жұмыс орындары ашылды. Қалған 35 жоба жыл аяғына дейін іске асырылады. Аталған жұмыстардың нәтижесінде жұмыспен қамтудың өңірлік картасына сәйкес 222 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
2024 жылдың қаңтар-мамыр айында Байзақ ауданы бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 10 724, оның ішінде істеп тұрғаны 9778 немесе 91,1% құрап отыр.
2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,2 млрд. теңгеге 76 жоба қаржыландырылды.
Қазақстан Республикасының «2020-2025 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында Байзақ ауданынан 58,4 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба индустриалды картаға енгізіліп, 2021 жылы 6,3 млрд. теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба іске асырылды.
2024 жылдың мамыр айында өнім 107,3%-ға артып, 14,4 млрд. теңгені құрады.
2024 жылдың өнімі үшін аудан бойынша 8750 га күздік бидай егілген, сонымен қатар 12 005 га жаздық арпа, 1100 га дәндік жүгері, 40 га дәнді бұршақ, 1050 га мақсары, 2840 га қант қызылшасы, 60 га картоп, 7584 га көкөніс-бақша және 23 354 га мал азықтық дақылдары егілді.
Мал шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар. Мәселен, 5 айда 9,4 мың тонна (тірі салмақта)ет (110,3%),9,8 мың тонна сүт (100,5%)және 2 млн. дана жұмыртқа (100,1%) өндірілді. Аудан бойынша 24 шаруашылық жалпы құны 606,8 млн. теңге тұратын 68 жаңа техникалар сатып алынды. Бүгінгі күнге техника жаңару көрсеткіші 4,2% құрап отыр. Жыл соңына дейін техникамен жаңару деңгейін 10%-ға арттыру міндеті тұр.
2024 жылы 56 шаруашылық қант қызылшасы дақылын жалпы 2840 гектар егіс алқапқа орналастырды. Қант қызылшасы дақылының 1860 гектар егіс алқыбына су үнемдеу технологиясы енгізілді. Оның ішінде 760 гектар жаңбырлатып суару, 1100 гектар тамшылатып.
Соңғы жылдары шаруашылықтар жаңа технологиялар енгізу жұмыстарын қарқынды қолға алуда. Мәселен, ауданның агроқұрылымдары су үнемдеу технологиясын 2024 жылы 5500 га алқапқа енгізсе, (оның ішінде 1494 гектар жаңбырлатып, 4006 гектар тамшылатып), мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2024-2028 жылдарға ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау жөніндегі жол картасына сәйкес, 2028 жылға дейін су үнемдеу технологиялары 8300 гектар алқапқа жеткізу жоспарда бар.
2024 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін «Кең дала» бағдарламасы бойынша 6 шаруа қожалық жалпы сомасы 264 млн. теңге несиеге өтінім берді. Бүгінгі күнге «Диқан» несие серіктестігінен 4 шаруашылыққа 251 млн. теңге және «Құлан Дән» несие серіктестігінен 1 шаруашылықа 7 млн. теңге несие берілді. Сонымен қатар, «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша егіс науқаны бойынша 14 ауылдық округтен 35 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі 438,6 млн. теңге несие алуға ниет білдірген. Бүгінгі күнге «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша несиелендіру жұмыстары тұрақты бақылауда.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасын жемісті жүзеге асыру маңызды. 2019 жылы Жамбыл облысында басталған пилоттық жоба өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсетіп, Президент оны ел көлемінде масштабтандыру жөнінде міндет жүктегені белгілі.
Жоба алғашында 2019 жылдан бастап «Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру» пилоттық жобасы болып басталған болатын. Бұл жоба, 2019-2020 жылдарда Қостөбе (819 млн. тг) және Түймекент (715 млн. тг) ауылдық округтерінде, 2021 жылы Үлгілі (457,8 млн. тг) ауылдық округінде нәтижелі іске асты (жалпы 1,9 млрд. теңге қаражат алынды).
2022 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы болып аталып, жобаға Жалғызтөбе ауылдық округі енді. Жоба аясында, ауылдық округ бойынша 138 азамат жалпы 886,2 млн. теңге несие алса, 2023 жылы жобаға Ынтымақ және Көптерек ауылдық округтері ұсынылып, жұмыстар атқарылды (жалпы 337 азамат, 2 млрд. 219 млн. теңге қаражат алынды).
2019-2023 жылдары «Ауыл аманаты» жобасына 6 ауылдық округ енгізіліп, 1091 азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмыс атқаруда.
Жалпы 6 ауылдық округ бойынша:
- алынған қаржы 5,1 млрд. теңге;
- алынған мал саны 27 206 бас;
- алынған ауыл шаруашылығы техникалары 90 дана;
- жеке кәсібін ашу бойынша 19 жоба іске асырылды.
Жоба нәтижесінде, жұмыссыздар саны 2,5 есеге кеміп, тұрғындардың орташа табысы 2,4 есеге артты.
Биыл «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауданнан 17 ауылдық округтен 155 жоба іске асырылады деп күтілуде. Құны 1,2 млрд. теңгені құрайды. Жоба іске асқан жағдайда 309 жаңа жұмыс орны ашылады.
Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы жайылым жер көлемі 100 005 гектар, елді мекеннің жайылымы 17 805,3 гектар, босалқы жайылым кезекші картаға сәйкес 3 672,2 гектарды құрайды.
Жалпы, шаруа қожалықтардағы мал басына жетіспейтін жайылым көлемі 58 750,5 га. Жалпы, елді мекендердегі мал басына жетіспейтін жайылым көлемі 121 391 га.
Елді мекендердегі жайылым жетіспеушілігін шешу мақсатында, 18 ауылдық округтердің қызмет көрсету аймағында бос жатқан 402 жер учаскесі жалпы көлемі 18 180,9 гектар (18040,43 га жайылым, 140,5 га бөгде) жер учаскелері түгелденіп, елді мекендердің жайылымдары бекітіліп берілді.
Игерілмеген жерлерді мемлекетке қайтару бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңға 11 200 гектар жайылым мемлекет жер қорына қайтарылды.
Елді мекендердің малдарын ауыл маңына жаю мақсатында, 122 шаруа қожалықтың иелерімен, жалпы көлемі 8553 гектар жайылым, 423 шаруа қожалықтың иелерімен, жалпы көлемі 8838гектар егістікке аудан аумағындағы ауыл шаруашылықтарымен меморандум жасалды.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы ауыл тұрғындарының малдарын сыртқа шығару бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аудандағы 133 шаруашылықтың 874 ірі қара мал басы 5629,1 гектар орман жер қорына шығарылды Бұдан бөлек, Көптерек, Ботамойнақ, Ынтымақ, Жалғызтөбе, Сазтерек, Үлгілі ауылдық округтерінің тұрғындарының малдары, жаз кезінде жайылу үшін «Көделі» жайылым шұратына шығарылды.
Ауданда тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Ауданда жаңа массивтер мен көпқабатты үйлер бой көтеруде. Жыл басынан бері 11,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 37,3 мың шаршы метр тұрғын үй беруді жоспарлап отырмыз. Бүгінде құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын 60 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға шілде айында пайдалануға беріледі.
Біз тұрғын үй мәселесін тек бюджет қаражаты есебінен ғана емес, ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүрлі «Асар» тәсіліне де ден қойдық. Мәселен, жоба басталғалы асарлатқан ағайынның көмегімен 56 мұқтаж (2020-2023 жж.) жерлесіміз баспаналы болса, биыл 14 отбасына қуаныш сыйласақ деген ниетіміз бар. Жалпы, үстіміздегі жылы Жетібай, Дихан-2, Базарбай елді мекендерінде инженерлік инфрақұрылым нысанын іске асырылып, 1000 жер учаскесі таратылды.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ауданда бірқатар шаралар атқарылуда. 43 елді мекеннің 38 елді мекені ауыз сумен қамтылған, немесе елді мекеннің 88,4% (халық санымен 101 207 адам қамтылған немесе 95,9%). 37 елді мекенге «Байзақ су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнықызмет көрсетсе, Қайнар елді мекеннің тұрғындарына әскери бөлімше арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілуде.
Аққия және Қосақ ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған және бүгінгі күнге абаттандыру жұмыстары қалып отыр.
Биыл маусым айынан бастап Шахан елді мекенін орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету үшін 328,3 млн. теңге қаржы қарастырылып құрылыс жұмыстары жүргізілсе, Қосақ (150 аулада 756 тұрғын, 140,9 млн. теңге), Төрткүл (52 аулада 290 тұрғын - 440,5 млн. теңге), Жаңасаз (38 аулада 278 тұрғын, 509 млн. теңге), елді мекендерін орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту мақсатында 1 млрд. 90 млн. теңге құрайтын жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, бюджеттік өтінімдер ұсынылды.
Газдандыру мәселесіне тоқталар болсам, аудан аумағында орналасқан 43 елді мекен толығымен 100% көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.
Аудан аумағында жалпы 132 шақырымды құрайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдары және 421,1 шақырымды құрайтын 434 елді мекен көшелері орналасқан. 2024 жылы аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 98%-ға (2023ж. - 95%) және елді мекен көшелерін жыл соңына дейін 93%-ға(2023ж. – 92,3%) жеткізу жоспарлануда.
«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында, жалпы 920,1 млн. теңгеге жалпы 35,9 шақырымды құрайтын 37 көшеге орта жөндеу жұмыстары жоспарланған, оның ішінде 33 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілсе, «ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес «Сарыкемер-Мырзатай» бағытындағы ұзындығы 8,9 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 296,5 млн. теңге қаржы қарастырылып, бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Ауданда «2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар санының жоспары 5549 адам, орындалуы 2355 адам немесе 42,4% құрайды. Жұмыс іздеуші ретінде қайырылғандары 2975 адам, тіркелген жұмыссыздар - 2647 адам.
Аудан бойынша кедейшілік шегінен төмен 2504 адамы бар 412 отбасы тұрады, бұл аудан халқының 2,4% құрайды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке бюджеттен 385,1 млн. теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі күнге 412 отбасының 2504 адамына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 1 жастан 6 жасқа дейінгі 792 балаға кепілдендірілген әлеуметтік көмек тағайындалды.
Президент айқындап отырған мәселелердің бірі – адам капиталын дамыту (01.09.2022 ж. жолдауы). Ол үшін біз бар мүмкіндіктерді пайдаланудамыз. Ағымдағы жылы білім беру саласына 29,2 млрд. теңге бөлінді, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 22,6% артты.
Ауданда 44 білім беретін мектептер, 52 мектепке дейінгі ұйымдар, 1 педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті және 6 мектептен тыс мекемелер жұмыс істеуде. Ауданда оқушы саны - 22 335, балабақшалардағы балалар саны - 4250, шағын орталықтарда балалар саны - 441.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, елімізде, соның ішінде жаңа, заманауи білім ошақтары бой көтеруде. Атап айтқанда, «Жайлы мектеп» жобасымен Сарыкемер ауылында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп пайлануға беру жоспарлануда. 2024-2025 жылы 2 жаңа мектеп құрылысы және Қосақ ауылындағы қосымша құрылыс салу арқылы пайдалануға беріледі. Ауданда үш ауысымдағы мектеп жоқ.
Аудан бойынша 44 емдеу мекемелері аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді. Аудандық аурухана 132 төсек, оның ішінде 121 төсек тәуліктік, 11 төсек күндізгі стационар. Аудандық емхана 250 тұрғынды қабылдауға арналған.
Байзақ аудандық емдеу мекемелерінде бүгінгі күнде 144 дәрігер, 690 орта буын медицина қызметкерлері, кіші мейірбикелер 146, басқалары 163, барлығы 1139 адам қызмет атқаруда. Дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші – 13,8% (10 мың тұрғынға шаққанда), облыстық көрсеткіш 22,6% құрады.
2023 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында, 25 келушіге арналған Жетібай және Диқан ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, ағымдағы жылы 1 шілдеде ауыл тұрғындарына пайдалануға беру жоспарлануда.
Сонымен қатар, осы жоба аясында Дихан-2, Базарбай, Тегістік ауылдарына фельдшерлік-акушерлік тіректері және Қызыл жұлдыз ауылына дәрігерлік амбулаториясының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы аудан орталығы Сарыкемер ауылында 200 төсектік орынға арналған орталық аурухана құрылысын жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда, 4,5 га жер телімі анықталып, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
Аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 20 ауылдық клубтар, 1 аудандық орталық, 1 аудандық балалар және 24 ауылдық кітапхана, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 2 халықтық атағы бар ұжым тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде. Жоғарыда аталған 21 мәдениет ошақтарында 2024 жылдың 5 айында (аудандық мәдениет үйі мен 20 ауылдық клубтарда) 362 (346) көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 41 200 (36693) адам қатысты. Клубтық құрылым саны 104 (99), оған қатысушылар саны 1297 (1251) адамды құрады.
Елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту, сонымен қатар, олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін Кеңес ауылына 191 млн. теңге бөлініп, 90 орындық мәдинет үйінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Ауданда 282 спорт нысан бар болса, оның ішінде, 1 стадион, 4 спорт кешені, 207 жазықтық құрылғы (154 спорттық алаңша, 53 футбол алаңы) 1 ашық теннис корты, 43 спорттық зал, 26 жапсарлас спорттық залдармен қамтылған.
2024 жылдың 5 айында 286 спорттық іс-шара өткізілсе, оған 15688 адам қамтылған. Оның ішінде бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының тікелей ұйымдастыруымен 28 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 2548 адам қамтылып отыр.
Үстіміздегі жылы Жамбыл облысының 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, жергілікті бюджеттен жалпы құны 44,9 млн. теңгеге 3 кіші футбол алаңы және 2 құрамдастырылған спорт алаңшалары құрылысын салу жоспарланған. Бүгінгі күнге Құмжота ауылында кіші футбол алаңы салынып пайдалануға берілсе, 2 кіші футбол алаңына және 2 құрамдастырылған спорт алаңшаларына мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Сарыкемер ауылында жалпы сомасы 324,7 млн. теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жастарды әлеуметтендіру жайы назардан тыс қалмайды. Ауданда 31 394 жас бар. Бұл аудан халқының 29,6% құрайды. Биылғы жылдың 5 ай қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,3%-ды құраса, уақытша бос жүрген (NEET) жастардың үлесі - 0,01%-ды құрады.
«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілген талдауға сәйкес, 3155 жастың мәртебесі өзектендіріліп, 28 NEET жас анықталған, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күнге 1 NEET жас қалды.
Есепті кезеңде 652 жас (а.ж. 5 айында) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Сонымен қатар, «Жасыл ел» еңбек жасағына 6 млн. теңге бөлініп, 100 жұмыссыз, уақытша бос жүрген жастар маусымдық жұмыстарға тартылды.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, ауданда халықпен кері байланыс жүйелі жолға қойылған.
2024 жылдың 5 айында аудан әкімі 111 қабылдау жүргізіп, 259 азаматты қабылдаған, аудан әкімі - 6 қабылдау жүргізіп, 18 азаматты қабылдаған, оның 2-і қанағаттандырылып, 7-не жазбаша түсінік берілген, 9-на ауызша түсінік берілген.
Аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы -7 қабылдау жүргізіп, 7 азаматты қабылдаған. Бөлім басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері 98 қабылдау өткізіп, 234 азаматтарды қабылдаған.
Қазақстан Республикасы Президентінің (2022 жылғы
3 наурыздағы № 826) «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 2024 жылдың 5 айында барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен 33 кездесуі өтті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан 73 мәселе көтеріліп, 21 бүгінгі күнге шешімі табылған, 24 бақылауға алынып, 28 кездесу барысында түсініктеме берілді. Сонымен қатар, кездесу барысында 33 жеке қабылдаулар өткізілді. Қабылдауға 33 азамат қабылданып, 49 мәселе қаралған.
Бүгінгі күнге 17 мәселенің шешімі табылып, 11-і бақылауға алынған, 21 мәселеге кездесу барысында түсініктеме берілді.
Байзақ ауданы әкімдігінің фейсбук және инстаграм парақшалары ашылған. Бүгінгі күнге ауданның оң имиджін қалыптастыру мақсатында 2260 материал (1122 – instagram, 1138 – facebook) жарияланып, нәтижесінде халықпен кері байланыс орнатылуда. Аудан әкімдігінің парақшасында бүгінгі күнге 7772 (instagram – 5469, facebook – 2303) оқырман тіркелген.
Бүгінгі күнге аудан әкімдігінің ресми парақшаларына 12 сұрақ, облыс әкімдігінің ресми парақшаларына 13 сұрақ және облыс әкімінің жеке инстаграмм, фейсбук парақшаларына 15 сұрақ келіп түскен. Келіп түскен сұрақтарға дер кезінде тиісті жауаптар берілді. Бұл мемлекеттік орган басшыларының халықпен тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы
- авторZhambylokq
- 25 желтоқсан, 2024