Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Кәсіпкерлік басқармасының атқарған жұмыстары

Кәсіпкерлік  басқармасының атқарған жұмыстары
ашық ақпарат
Өнеркәсіп саласында облыста барлығы 856 (14 ірі, 25 орта, 817 шағын) кәсіпорын жұмыс істейды, онда 44,3 мың адам жұмыспен қамтылған.

Жалпы тамақ өнеркәсібі саласында облыста 118 кәсіпорын жұмыс істейді (114 - шағын, 2 - ірі, 2 - орта). Саладағы көрсеткіштерді жақсартуда мемлекеттік пәрменді қолдауларды жүзеге асырумен қатар инвестиция тарту бойынша да ілгерінді жұмыстар жүргізілуде. Тамақ өнеркәсібі – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде 2027 жылға дейін жалпы құны 90 млрд.теңгені құрайтын 26 жоба іске асырылуы жоспарланып отыр.

 

Химия өнеркәсібінде 41 кәсіпорын жұмыс істейді (40 - шағын, 1 - ірі). Саланың негізгі кәсіпорындары: «Казфосфат» ЖШС, (минералды тыңайтқыштар өндірісі), «НДФЗ» ЖШС (сары фосфор өндірісі), «Talas Investment Company» ЖШС (натрий цианидінің өндірісі), «TECHNOMART» ЖШС (тұрмыстық химия өндірісі), «Ecosystem servis» ЖШС (тыңайтқыштар өндірісі).

Саланың табысты көрсеткіштерін қалыптастыруда алдағы 4 жылда жалпы сомасы 630 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылатын болады.

                 Металлургия саласында облыста 14 кәсіпорын жұмыс істейді (12 - шағын, 1 – ірі, 1 - орта). Облысымызда бұл бағытта алдағы жылдары бірнеше өндіріс орындары ашылып, экономикалық өсім арта түсетін болады. Барлығы 1,2 трлн.теңгені құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

                

                 Жыл басынан негізгі капиталға 149,8 млрд. теңге инвестиция тартылды, өсім 22,8% (2024 жылға арналған индикатор - 702 млрд. теңге).

                 2027 жылға дейін жалпы сомасы 2,5 трлн теңгені құрайтын 70 жоба іске асырылып, 6362 жұмыс орны ашылатын болады.

Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өнім көлемі артқан: құрылыс индустриясында – 112,6%-ға, машина жасауда – 100,6%-ға, дайын металл бұйымдарын өндіруде – 149,7%-ға.

2024 жылдың қаңтар-ақпанында шикізаттық емес экспорт көлемі 11,8 млн. АҚШ долларын құрады.

2023 жылы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы арқылы экспортқа тауарларды жылжыту бойынша облысымыздың кәсіпорындарына 57,8 млн. теңгенің шығыны өтелді.

2024 жылдың 1 маусымына жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 105 432 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1%-ға өсті. 

2024 жылдың қаңтар-мамыр айында ішкі сауда көлемі  312,9 млрд. теңгені құрады (НКИ – 96,8%). Оның ішінде:

Бөлшек сауда 184,9 млрд.теңге құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 102,5% артты. Көтерме сауда 127,1 млрд. теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облысқа 40 844 турист келіп, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 131%-ға артты.

Оның 545 шетелдік, 40 299 еліміздің басқа өңірлерінен келген туристер. Келушілерге 509 млн. теңгеге қызмет көрсетіліп, бұл көрсеткіш 102%-ға орындалды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласына салынған инвестиция көлемі 25,4 млрд. теңгені құрап, жоспар 207%-ға орындалса, бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында 6,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 233%-ға артты.

Туризм саласына инвестиция тарту мәселесі бойынша 2023-2025 жылдары жалпы сомасы 15 млрд. 855 млн. теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде 106 уақытша және 95 тұрақты, барлығы 201 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар