Қазіргі таңда, Т.Рысқұлов ауданының 2023 жылмен 2024 жылдың салыстырмалы түрдегі мал саны:
- жыл 2024 жыл
- 41 394 бас МІҚ - 37 412 бас МІҚ;
- 662 380 бас МҰМ - 639 143 бас МҰМ;
- 25 359 бас Жылқы - 23 103 бас Жылқы;
- 96 бас түйе - 69 Түйе;
Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2024 жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары жоспарына сәйкес орындалуда.
Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 2024 жоспар бойынша 3 512 566 манипулция, 16 аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. Жыл басынан бері жоспар бойынша 1 683 349 манипуляция (вакцинация) жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда.
Сарып (бруцеллез) ауруын анықтау мақсатында, 434 419(МІҚ – 23 583, МҰМ – 409 380, Жылқы – 1890, Ет қоректілер – 566) ауыл шаруашылық жануарларынан қан сынамасы алынып, диагностикалық тексерулер жүргізілді.
Нәтижесінде МҰМ 23 бас малдардан оң нәтиже анықталып, ауру жануарлар «ИП Рамазан» мал сою пунктіне өткізіліп, қайта өңдеуге жіберілді. МІҚ 7 бас санитарлық- сойылуға жіберілді.
Зертхана қорытындысымен оң нәтиже берген жануарлар Ережеге сәйкес 15 күннен аспайтын мерзім ішінде жақ немесе сауыр аймағында "Б" әріпін таңбалау әдістерімен белгілеп, уәкілетті орган қатысуымен құрылған комиссиямен оқшауланып және санитариялық союға жіберіліп, әрі қарай қайта өңдеу цехтеріне өткізіледі.
Т.Рысқұлов ауданында бірдейлендіру жұмыстары бойынша 211 868 (МІҚ 9 250 , МҰМ 202 300, Жылқы 300, Түйе 18) бас ауыл шаруашылық жануарлары бірдейлендірілді.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы» заңы аясында, ит аулау жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда «Жамбыл 109» диспетчерлік орталығынан және ауылдық округ әкімшіліктерінен келіп түскен өтініштерге сәйкес, 2024 жылы 350 бас жабайы қаңғыбас ит-мысықтар ауланды.
Т.Рысқұлов ауданы аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша күтіп - ұстауға арналған питомник әзірге жоқ, бірақ 2024 жылы салыну жоспарланып отыр.
Кәсіпорынның теңгерімінде:
- 19 дана «НИВА» автокөлігі,
- 1 дана ДУК машинасы,
- 4 дана «УАЗ»,
- 5 дана жеңіл автокөлік
- 1 дана Газ-53
- 1 дана газ-66, жалпы 31 дана автокөлік бар.
Ауылдық округтерде жалпы 129 (33 жоғары білімді , 96 орта білімді) ветеринариялық маман жұмыс атқарады.
Ветеринариялық бекеттермен қамтылуы бойынша:
Қазіргі таңда 15 ауылдық округтің 12-сі ветеринариялық бекеті мал егу, емдеу орынымен қамтылып, 3-і әкімшілік ғимаратында орналасқан.
Ауданда мал өлекселерін тастайтын КМК-ның теңгерімінде 3 биотермиялық «Беккери» шұңқыры бар.
Т.Рысқұлов ауданы аумағында 12 елді мекенде 27 сібір жарасы ошақтарының көмінділері орналасқан.
Сібір жарасы көмінділері ветеринариялық талаптарға сәйкес қоршалған, бетондалған, тақтайшаларда аурудың тіркелген жылы, айы жазылған. Тұрақты дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп отырады.
Кәсіпорын теңгерімінде 2 мал сою алаңы бар:
1) Ақыртөбе ауылдық округінде орналасқан,
2) Құлан ауылында орналасқан.
Кәсіпорында 2 инсиниратор бар:
- жылжымалы
- стационарлық
Қазіргі таңда толығымен жұмыс жасап тұр.
Қолдан ұрықтандыру
Т.Рысқұлов ауданында «Ауыл аманаты» жобасына енген Құмарық және Абай ауылдық округтерінің ірі қара малдарын асылдандыру мақсатында, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен 2023 жылы 234 (Абай-88,Құмарық-146) бас ірі қара малдарына «Симментал» тұқымдарының ұрықтары алынып, жұмыстар жүргізілді. 2024 жылы Абай ауылдық округінен 72 төл, Құмарықтан 20 бас төл алынып, қалған төлдер күтілуде.
Ағымдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар 15 ветеринариялық пункттердің ветеринар мамандарымен өз деңгейінде атқарылуда. Т.Рысқұлов ауданында эпизоотиялық жағдайы тұрақты. Атқарылған ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпараттар кәсіпорын тарапынан Facebook және Instagram желілеріне салынып отырады.Адамдар мен жануарларға ортақ аса қауіпті аурулардың( бруцеллез, сібір жарасы, туберкуллез, аусыл, паразитарлық аурулар) алдын алу мақсатында аудан тұрғындары мен шару қожалық иелеріне кәсіпорын қызметкерлері тарапынан жадынамалар таратылып тұрады.
«Домбыра – дастан» атты домбыра рarty
Ұқсас жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024