Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Әділет департаментінің 1-ші жартыжылдығында атқарған жұмыстары

Әділет департаментінің 1-ші жартыжылдығында атқарған жұмыстары
ашық дерек
Жамбыл облысының коммуникациялар орталығында Жамбыл облысы Әділет департаментімен 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы брифинг өткізілді.

Брифингке облысымыздың барлық БАҚ өкілдері қатысты.

         Іс-шараға Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы Андасов Нургали Есиркепович, Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысының орынбасары Дайрабаев Даурен Жигулиевич.

Спикер Нургали Есиркеповичтің сөзінше, Жамбыл облысы Әділет департаментімен 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы атап өтті.  

Жамбыл облысы Әділет департаментімен 2024 жылдың 1 жартыжылдығында біршама маңызды жұмыстар атқарылып, жоспарланған стратегиялық индикаторларға қол жеткізілді. 

          Атап айтқанда,Жамбыл облысындағы адвокаттардың санының тұрақты өсу динамикасын көрсетуде. Қазіргі кезде адвокатардың саны 252 (2023 жылы -241)жетті.

Барлық аудандар100 % адвокаттық қызметпен қамтамасыз етілген.

Әділет департаменті 144 адвокаттармен тегін заң көмегін көрсету туралы келісім жасады.

Есепті кезенде 7734 азаматтарға тегін заң көмегі көрсетілгенін атап өтеміз.

Спикер Даурен Жигулиевич Жамбыл облысы Әділет департаментінің сонғы өзгерістері туралы таныстырып өтті.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі негізгі функцияларды цифрландыру және автоматтандыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда. Осы мақсатта DigitalJustice – «Цифрлық Әділет» жобаларының портфелі іске асырылуда.

Бүгінгі брифингте Әділет Министрлігінің жаңа іске асырылып жатқан жобаларына тоқталғым келеді.

«E-zan komegi» жүйесі арқылы жүзеге асырылатын азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үдерістерін автоматтандыруға үлкен мән берілуде.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар