Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Олжас Бектенов медицина нысандарын салу бойынша тапсырмалардың орындалу қарқынын тексерді

Олжас Бектенов медицина нысандарын салу бойынша тапсырмалардың орындалу қарқынын тексерді
ашық дерек
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі Үкіметте Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен отырыста қаралды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және сапасын жақсарту бойынша қойған міндеттерінің орындалуы туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 99 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынды.

Биыл 556 медициналық және фельдшерлік пункт, сондай-ақ дәрігерлік амбулаториялар салу көзделген. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары 322 нысанда басталып, 3 нысанда аяқталды, деп хабарлады Ақмарал Әлназарова

Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік сараптама қорытындысының негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, байланыстыруды толық аяқтады. Жалпы, Ұлттық жобада іске асырудың барлық кезеңінде 655 алғашқы МСАК нысанының құрылысы қарастырылған. Сондай-ақ 32 орталық аудандық аурухананы жаңғырту көзделуде. Қазіргі уақытта 10 нысанда тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, 2 медициналық мекемеге күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

2023-2024 жылдар кезеңінде 152 денсаулық сақтау объектісінде 656 медицина қызметкері жұмысқа орналастырылды. Бұл ретте Ұлттық жоба шеңберінде кадрларға жалпы қажеттілік 1 100 медицина қызметкерін құрады. Үкімет отырысы барысында Қарағанды, Жетісу және Алматы облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. 

Кестеден артта қалу және ауылдық аумақтарда МСАК объектілерін салу бойынша жұмысты күшейту, жандандыру қажеттігі атап өтілді. Мәселен, жыл соңына дейін денсаулық сақтау ұйымдарының ең көп саны Қарағанды облысында салынуы тиіс. Бұл ретте іске асыруға жоспарланған 78 нысанның тек үштен бірінде ғана жұмыс басталған. Жетісу облысында объектілердің тек 75%-ы бойынша құрылыс-монтаждау жұмысына шарт жасалды.

Премьер-Министр осы жылы аяқталатын Ұлттық жобаны іске асыру Үкіметтің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Президенттің ауылдық аумақтарда медициналық ұйымдар салу жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесі ертерек – осы жылдың ақпан айында қаралды. Өткен кезеңде үлкен жұмыс жүргізілді, деп атап өтті Олжас Бектенов — барлық жобалардың жобалық-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптама аяқталды, мердігерлер анықталды, жұмыстар басталды.

«Әкімдіктер барлық нысанның құрылыс жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу үшін күнделікті бақылауды күшейтуі керек. Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Жетісу және Алматы облыстары әкімдерінің назарын осыған аударғым келеді. Құрылыс маусымы, әсіресе солтүстік өңірлер үшін тез аяқталатынын ескеру қажет. Барлық объектілер белгіленген мерзімде пайдалануға берілуге тиіс. Бұл ретте құрылыс жұмыстарының нормативтік талаптарының сақталуын да қамтамасыз ету керек», — деді Олжас Бектенов.

Премьер-Министр сондай-ақ көпсалалы аудандық ауруханаларды жөндеу жұмыстарын жалғастыру және денсаулық сақтау ұйымдарын сапалы жарақтандыру үшін қажетті медициналық жабдықтардың тізбесін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Үкімет басшысы Ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 млрд теңге бөлінгенін, оның 21 млрд теңгеден астамы өңірлерге берілгенін атап өтті. Қалған объектілерді қаржыландыру қосымша пысықталуда — осы мәселені шешуді жеделдету үшін бейінді ведомстволарға тиісті тапсырма берілді. Денсаулық сақтау министрлігінің алдына объектілерге олар аяқталғанға дейін тұрақты түрде барып, құрылыс барысына мониторинг жүргізу міндеті қойылды.    

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар