Жаңалықтар
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2023 жылғы жүргізілген іс-шараларының нәтижелері
- author Zhambylokq
- 23 шілде, 2024
- 119
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығында тиісті жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен 38 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: тізбеге сәйкес – 5, жоспардан тыс – 33, оның ішінде, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 5, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 28.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 38-де жалпы сомасы 64 118,4 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 59 670,8 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның 235,2 млн.теңгесі бюджетке өтелуге жатады (32,1 млн.теңге бюджетке өтелді, бұл 13,6%-ды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 1 555,8 млн.теңге (орындалған жұмыстар мен қызметтер есебінен қалпына келтірілгені – 88,5 млн.теңге, бұл 5,7%-ды құрайды), 57 897,7 млн. теңгесі - бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар. Құқық қорғау органдарына 1 440,5 млн. теңге сомасымен 4 материал берілді, онда 1 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды.
2024 жылдың 30 маусымына 18155 (лот) мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізіліп, өндірілуге тиіс 18506, яғни 98,1 % құрайды, оның ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы 4778 хабарлама жіберіліп, оның ішінде 4651 орындалды, яғни 97,3% орындалды.
2024 жылдың өткен кезеңінде Департаментте барлығы 329 әкімшілік хаттамалар тіркеліп, оның ішінде: 310 материал қаралып әкімшілік айыппұлдар салынған, 19 материал сотқа берілген.
Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 36,2 млн. теңгеге айыппұл салынып, бюджетке толығымен өтелді. айыппұл салынып, бюджетке толығымен өтелді.