Шомылу маусымындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- author Zhambylokq
- 26 шілде, 2024
- 268
Жамбыл облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Дархан Қалдырбек және төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау майоры Дархан Жапаров спикерлер ретінде сөз сөйледі.
Дархан Қалдырбек орта мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, балалардың сауықтыру орталықтарында өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық іс-шараларды өткізу, өртке қарсы құралдармен және жабдықтармен жарақтандыру жөнінде, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар, жеке тұрғын үйлерде және көп қабатты үйлерде тұратын балалар арасында төтенше тжағдайларға жол бермеу бойынша кеңінен тоқталды.
Д. Қалдырбек: «бізде тұрғынүйлер мен пәтерлерде өрт оқиғалары орын алды. Олардың көпшілігі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан немесе балалардың отпен ойнауы салдарынан туындап, пәтердің жартысы өртеніп кеткен жағдайлар орын алды. Әрине алдынала не боларын ешкім білмейді. Бірақ адамдардың қаза болуы факторларына жол бермеуге мүмкіндік беретін дұрыс әрекеттер бастапқыда жасалуы тиіс және жасалуда. Тиісті органдар қандай жұмыстар жүргізсе де, мектептер мен балабақшалардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы сан мәрте айтылса да, осы ережелерді сақтау арқылы өз балаларыңызды үйде неғұрлым қауіпсіздікке баулуға имүмкіндік бар екендігін еске салғым келеді. Баланың кішкентай шағында пәтерде темекі тартудың мүлдем қажеті жоқ, сіріңкелерді алып тастаңыз, ақаулы электр құрылғыларын пайдаланбаңыз. Қауіпсіздікке байланысты мұндай тікелей әрекеттер бала кезден бастау алады. Тек бірлескен іс-әрекеттеріміз арқылы біз балалардың еркелікпен жасаған қателігіне тойтарыс бере аламыз.
Д. Жапаров өз сөзінде балалардың терезеден құлауы жағдайларының алдын алу, рейдтік іс-шаралар мен акциялар өткізу, терезелер мен балкон есіктеріне қорғаныс құралдарын орнату қажеттілігі туралы айтты. Ересектер міндетті түрде балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы түсіндірме сипатындағы әңгімелерді жүргізуі керек. Ата-аналарға балаларының қандай жүріс-тұрыстарына жіті назар аударулары керектігі туралы ұсыныстар берілді. Дархан Жапаров ересектерге арналған сөзінде: "Қазіргі жастар өте жоғары интеллектуалды дамыған балалар. Балалар кез-келген ақпараттарға сезімталдықпен қарайды. Егер олар бәрін дұрыс түсіндірсе, біз бірге жұмыс жасасақ, онда біреудің өмірін сақтап қаларымыз анық" деп атап өтті.
Профилактика халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық және алдын алу қызметі құзыретіне кіретін жергілікті атқарушы органдармен және тиісті ұйымдар мен мекемелермен бірлесіп жүргізілетінін атап өткен жөн.
Соңында спикерлер халықты қауіпсіздік шараларын сақтауға және балаларды, қарттарды және мүмкіндігі шектеулі жандарды қараусыз қалдырмауға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024