Жамбыл облысында шомылу маусымы жалғасуда. Осыған орай, су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда. Аймақта 117-ден астам су айдыны орналасқан.
Жамбыл облысының өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жазғы кезеңде балалардың жарақаттануы мен қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.