Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында облыс бойынша 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 500 орындық 12 мектеп салу жоспарлануда

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында облыс бойынша 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 500 орындық 12 мектеп салу жоспарлануда
ашық
2023 жылы 7 мектептің (Байзақ-1, Қордай-2, Тараз-4) құрылысына республикалық бюджеттен 15,1 млрд. теңге бөлініп, трансфертпен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға аударылды. 2024 жылы 9 мектептің (Байзақ-1, Жамбыл-1, Қордай-3, Мерке-1, Шу-1, Тараз-1) құрылысына республикалық бюджеттен 12,5 млдр.теңге қарастырылып, 3,4 млрд, теңгесі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға аударылды.

2023 жылы 7 мектептің (Байзақ-1, Қордай-2, Тараз-4) құрылысына республикалық бюджеттен 15,1 млрд. теңге бөлініп, трансфертпен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға аударылды.

2024 жылы 9 мектептің (Байзақ-1, Жамбыл-1, Қордай-3, Мерке-1, Шу-1, Тараз-1) құрылысына республикалық бюджеттен 12,5 млдр.теңге қарастырылып, 3,4 млрд, теңгесі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға аударылды.

Оның ішінде 2024 жылы пайдалануға берілетін 4 мектепке (Тараз қ. Шолдала алқабы, Байзақ ауданы Сарыкемер а., Қордай ауданы Қаракемер және Қарасу ауылдарында) құрылысын аяқтауға 8,5 млдр.теңге, 2025 жылы пайдалануға берілетін 5 мектептің құрылысын бастауға 4,0 млрд.теңге.

Үкімет Қаулысына сәйкес 12 мектепті қаржыландырудың жалпы қажеттілігі – 54,7 млрд.тг., оның ішінде 2024 жылы тапсырылатын 7 мектепке – 33,5 млрд.тг., 2025 жылы тапсырылатын 5 мектепке – 21,2 млрд.тг.

2023-2024 жылдары мектептер құрылысына 27,6 млрд. теңге қаржы республикалық бюджеттен бөлініп, 18,5 млрд. теңге «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға  аударылды.

 

4 мектеп мемлекеттік сапраптаманың оң қорытындысын алды. Қалған 3 мемлекеттік сараптамадан тамыз айына дейін шығады. 

 

Жоспарға сәйкес қаражат уақтылы бөлінген жағдайда ағымдағы жылдың 1 қыркүейегіне - 2 мектеп, жыл соңына дейін - 5 мектеп аяқталады деп күтілуде.

Жалпы жоба бойынша құрылыс жұмыстарының барысы 15%-дан 80% аралығында.

  • Қордай ауданы Қарасу а. 300 орындық мектеп – 20% игерілгені – 256,6 млн.тг.
  • Қордай ауданы Қаракемер а. 300 орындық мектеп – 35%, игерілгені – 591,9 млн.тг.
  • Байзақ ауданы Сарыкемер а. 600 орындық мектеп – 75%, игерілгені – 1432,0 млн.тг.
  • Тараз қ. Шөлдала алқабы 600 орындық мектеп –40%, игерілгені – 1 126,7 млн.тг.
  • Тараз қ.13 м.а.1200 орындықорындық мектеп – 65%, игерілгені – 3 028,6 млн.тг.
  • Тараз қ. 15 м.а.1200 орындық орындық мектеп – 50%, игерілгені – 3 028,6 млн.тг.
  • Тараз қ. 15 м.а.2000 орындық орындық мектеп – 55%, игерілгені – 4 422,1 млн.тг.

 

Дегенмен, ұлттық жобаны белгіленген мерзімде іске асыру барысында құрылыс жұмыстарын тежейтін және қаржыландыруға байланысты бірқатар мәселелер орын алуда. Атап айтқанда:

1) 2024 жылға мектептер құрылысына қарастырылған
11,6 млдр.теңге республикалық трансферттері бүгінгі күнге түспеген.

2) 2024 жылға тапсырылатын 7 мектептің 3-не қымбаттау сомасын есепке алмағанда 9,2 млрд.теңге қаражат бөлінбеген.

3) Бұдан басқа, жалпы 7 мектепке қымбаттау сомасы алдын ала есепбойынша 9,6 млрд. теңгеге болжануда.

Сараптама қорытындысы алынған 4 нысанда Үкімет қаулысымен бекітілген соммадан сметалық құнның қымбаттауы 0,8-1,3 млрд. теңге аралығында шықты (Байзақ ауданы Сарыкемер а.
600 орын. Үкімет қаулысымен бекітілген соммадан сметалық құнның қымбаттауы – 1,262 млрд. теңге; Тараз қ. 15 м.а. 1200 орын. – 1,0 млрд.теңге; Тараз қ. 13 м.а. 1200орын. – 0,957 млрд.теңге;
Тараз қ. Шөлдала алқабы 600 орын.- 0,828 ). Қалған 3 мектеп бойынша (Қордай-2, Тараз-1) мемлекеттік сараптамасы тамыз айында шығады.

Мемлекеттік сараптамамен шыққан құнына қаржыландырудың болмауы бас мердігерлермен нақты сметалық құны бойынша қосымша келісім жасасуға мүмкіндік бермейді және нәтижесінде құрылыс қарқынын баяулатады.

4) Шарттың бұзылуына және мердігердің ауысуына байланысты Қордай ауданы Қарасу ауылында 300 орындық мектебі өндірістік кестеден қалып, 2024 жылы аяқталмау қаупі бар. Сот процессі жүруде;

5) 2025 жылы тапсырылатын нысандар бойынша жоба көшбасшылары (бас мердігерлер мен жобалаушылар) анықталмаған.

Жобаларды іске асырудың нормативтік мерзімдерін ескеретін болсақ, бұл жобалардың да 2025 жылдың
1 қыркүйегіне тапсырылмауы ықтимал.

Сондықтан «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы конкурстық рәсімдерді жеделдетіп, жобалауды (байланыстыруды) және құрылысты бастату қажет деп есептейміз.

6) 2025 жылы пайдалануға берілетін 5 мектептің жобалаушысының анықталмауы салдарынан, әкімдіктер тарапынан әзірленетін сыртқы инженерлік желілермен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындауды тежеуде (мектеппен сыртқы инженерлік желілердің қосылу нүктелерін сәйкестендіру қажет). 

 

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, 2024 жылы жоспарланған 7 мектепті уақтылы аяқтау үшін ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 9,6 млрд.теңге сомасын, сметалық құны бойынша 9,2 млрд. теңге қымбаттау сомасын республикалық бюджеттен бөлуге, сонымен қатар 2024 жылға бөлінген
11,6 млрд. теңге сомасындағы республикалық трансферттердің түсуіне ықпал етуіңізді сұраймыз.

Сондай-ақ, мектеп құрылысына тікелей жауапты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы құрылыс қарқынын жеделдету қажет деп санаймыз.

 

Анықтама: ҚР Білім министрлігінің 09.04.2024 ж. №3-09/42446-хатына сәйкес, дайын ЖСҚ-ның жоқтығы (IPC келісім-шарттарының) және уақыттың тығыздын ескере отырып, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының талаптарына сәйкес жеке инвесторлардан жобаланған және құрылысын жүргізгендайын объектіні сатып алу және одан әрі пайдалану тетігі ұсынылады.Бұл жағдайда:

1.Құрылыс жүргізуге жеке инвесторға жер телімін беруді заңнамалық тұрғыдан реттеу (жер телімдерін ЕТЖ (ПДП) сәйкес оқушы орындарының тапшылығы бар аудандардан беру).

2. Сыртқы инженерлік желілерді жүргізуді әкімдіктер құзырында қалдыру немесе бір жоба ретінде мердігерге Үлкейтілген бағалау нормалары (УСН) шегінде ИКИ-дің қаражатын қарастыру.

 

Сыртқы инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша

 

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес сыртқы инженерлік желілерін қамтамасыз ету жергілікті әкімдіктерге жүктелген.

Биылғы жылы берілетін мектептерді сыртқы инженерлі-инфрақұрылыммен қамту бойынша ЖСҚ-лары мемлекеттік сараптамадан шығып, мердігерлері анықталып, құрылыс монтаж жұмыстары 60-90% құрайды. Бұл бағыттағы жұмыстарды толық аяқтау үшін жергілікті бюджеттен 2,1 млрд. теңге (100%) бөлінді.

Анықтама:

- Қарасу «Korday Group» ЖШС –  423,8 млн.тг.:  (ҚМЖ – 85%)

          - Қаракемер «ASET строй»  ЖШС – 199,0 млн.тг. (ҚМЖ – 90%)

          - Сарыкемер «ТаразҚұрылысДизайн» ЖШС –  125,3 млн.тг. (ҚМЖ – 95%)

          - 13 мкр Байтерек 1200 ор. «Береке Базис» ЖШС –  282,4 млн.тг. (ҚМЖ – 90%)

          - 15 мкр 1200 орындық «Капитал строй» ЖШС – 288 925,0 млн.тг. (ҚМЖ – 90%)

          - 15 мкр. 2000 орындық «СтройМонтажGroup» ЖШС – 141,9 млн.тг. (ҚМЖ – 90%)

            - Шөлдала ш.а. 600 орындық «Райша» ЖШС – 725,1 млн.тг. (ҚМЖ – 90%)

 

Жұмыстар тамыз айына дейін толық аяқталады.

       

Битрикс жүйесі бойынша

     Мектеп құрылыстары «БИТРИС» ақпараттық жүйесіне енгізілуде. Әкімдік тарапынан мерзімі өткен шаралар жоқ.

Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар