Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін нығайту: ҚР ТЖМ-ге жаңа 11 әуе кемесі сатып алынады

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін нығайту: ҚР ТЖМ-ге жаңа 11 әуе кемесі сатып алынады
ашық дерек
Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына түзетулер енгізілді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Биылғы қаңтар айында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің материалды-техникалық базасын нығайту шараларын қабылдауды тапсырған болатын.

Президент тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына заманауи авиациялық техника сатып алуға қатысты түзетулер енгізілді. 

Қаржы лизингі тетігін пайдалану арқылы ТЖМ материалды-техникалық базасын жабдықтау үшін 11 әуе кемесін сатып алу жоспарланып отыр. 

24,8 млрд теңге мөлшеріндегі қажетті сома республикалық бюджеттен 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен бөлінетін болады. Мәселені Республикалық бюджет комиссиясы тұжырымдамалық түрде қолдады.

ТЖМ материалдық-техникалық базасын нығайту авиациялық техникамен қамту аймақтарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Әуе кемелері жету қиын жерлерде орын алған төтенше жағдайлар аймақтарынан эвакуациялау және құтқару бөлімшелерінің жедел әрекет етуін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ су тасқыны және өрт қаупі басым кезеңдерде мониторингтің тиімділігін арттыру мақсатында қолданылады.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар