Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мемлекеттік өрт бақылау жүргізудің тәртібі және ҚР ІІМ ТЖҚ көрсетілетін өзге де мемлекетттік қызмет Өрт қауіпті кезеңде өрттерге жол бермеу.

Мемлекеттік өрт бақылау жүргізудің тәртібі және ҚР ІІМ ТЖҚ көрсетілетін өзге де мемлекетттік қызмет Өрт қауіпті кезеңде өрттерге жол бермеу.
ашық
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі сондай-ақ, ҚР ТЖМ көрсететін мемлекеттік өрт бақылау және өзге де мемлекеттік қызметтерді жүргізу тәртібі туралы мәселелері талқыланды.

  Ералы Ақылбеков өрт қауіпті кезеңде өрттің алдын алу бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстар және мемлекеттік өрт бақылау туралы айтып берді. Ол облыс тұрғындарының өткен жылғы шөпті жағу жас шөптің өсуін тездетеді деген тұрақты стереотипі бар екенін атап өтті. Бірақ бұл дұрыс емес: құрғақ шөп жас өскіндерге кедергі болмайды. Құрғақ шөпті жағып, адамдар қарашіріктің түзілу процесін бұзады және топырақтың құнарлылығын төмендетеді. Шөпті жағу өсімдіктердің өсуін тежейді. Шөп өртенген кезде көптеген жәндіктер қырылады, өрттер құстардың ұялары мен ұя салу орындарының жойылуына әкеледі. Шөпті жаққан кезде барлық пайдалы топырақ микроорганизмдері де жойылады. Шөп өрті кезінде құрғақ шөпте немесе топырақ бетінде өмір сүретін барлық сүтқоректілер оттан немесе түтіннен тұншығып өледі. Сондай-ақ ыстық, құрғақ ауа райында шыны мен басқа да шағылыстыратын заттардан өздігінен тұтанулар болуы мүмкін. Өрт сөндіргіштер орнатылмағандықтан, ауыл шаруашылығы техникасының да жану жағдайлары жиі кездеседі.

Сөз соңында Ералы Ақылбеков облыс тұрғындарына ақылға қонымды әрекет етуге, аумақты тазалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, құрғақ шөпті жақпауға, ауыл шаруашылығы техникасына назар аударуға кеңес берді. Өрт шыққан жағдайда адасып қалмай, «101» және «112» нөмірлеріне қоңырау шалуды ескертті.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар