Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Олжас Бектенов: Ішкі нарықты қорғау үшін отандық тауар өндірушілердің тізілімі енгізілетін болады

Олжас Бектенов: Ішкі нарықты қорғау үшін отандық тауар өндірушілердің тізілімі енгізілетін болады
ашық дерек
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары қаралды, деп хабарлайды UKIMET.

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жер қойнауын пайдаланушылардың, квазимемлекеттік және мемлекеттік сектордың сатып алу саласындағы жергілікті өнімдер мен қызметтердің үлесін 60%-ға жетізу туралы тапсырмасы бойынша жүйелі кешенді жұмыстар жүргізіп келеді.

«Тізілімге өнім шығарып отырған, өндірістік қуаттары жетерлік, әрі қарай даму үшін әлеуеті мен жоспарлары бар нақтыкәсіпорындардың ғана енуі өте маңызды. Тізілімге енген кәсіпорындар мемлекеттік қолдау шараларын басым тәртіппен алатын болады»,— деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Бұл ретте оларға өндірісті жаңғырту, еңбек өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, жалақыны өсіру бойынша қарсы міндеттемелер қойылады. Кәсіпорындар қызметіне мониторинг жүргізу цифрлық скрининг негізінде – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін онлайн режимінде жүзеге асырылатын болады.

Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар