Анықтама: 34 елді мекенді (32,2 мың адам) жаңа құрылыс жұмыстарын жүргізу арқылы қамтамасыз ету жоспарланған болса, халық саны аз 20 елді мекенге (3,2 мың адам) КБМ орнату арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Ағымдағы жылы облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 21,5 млрд. теңгеге 68 жоба (РБ - 18,4 млрд. теңге, ЖБ - 3,1 млрд. теңге) іске асырылуда.
Оған 37 елді мекен (құрылыс - 22 е.м., КБМ - 15 е.м.) мен 2 қаладағы 5 тұрғын алқапты (13,6 мың адам) сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Нәтижесінде, жыл қорытындысымен ауыз сумен жабдықтау көрсеткіші қалаларда 98,8% (524,4 мың адам), ауылдық елді мекендерде 98,1% (651,8 мың адам) жеткізілмек.
Әрбір қалалық және ауылдық елді мекендер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс-монтаж жұмыстарының барысына тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді.
Сонымен қатар, 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттің қалыптастырылуына 23,9 млрд. теңгеге 30 жоба қаржыландыруға ұсынылды.
Қалып отырған 2 елді мекен (Қордай ауд. - Алға, Мойынқұм ауд. - ст.Қашқантеңіз) бойынша ЖСҚ әзірлеу жұмыстары аяқталуға жақын, жоспарға сәйкес қыркүйек айына дейін сараптама қорытындысы алынып, бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.
Өңірдегі елді мекендерді толық ауыз сумен қамтудың Жол картасы әзірленіп, 2025 жылы ауыл және қала тұрғындарын 100% ауыз сумен қамту көзделіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024