Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ШУ АУДАНЫНДА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШУ АУДАНЫНДА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Ашық дерек
Қазіргі таңда аудандағы бірқатар ауылдарда ауыз су жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында Шу қаласындағы Қосқұдық және Қант зауыты мөлтек аудандары мен Жаңақоғам, Сауытбек, Бөлтірік, Төле би сынды ауылдар да бар.

Осыған орай, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына көз жеткізу мақсатында аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков аталған елді мекендердегі нысандарды аралап, жұмысты көзбен көріп қайтты.

Қала мен ауылдардағы жұмыстардың басым бөлігі аяқталуға жақын қалса, аудан орталығындағы су құбырлары толық тартылып біткен. Ал Бөлтірікте негізгі су жеткізу жүйесінің құрылысы жүріп жатыр. Тағы бір айта кетерлігі, жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілсе, жоғарыда аталған су нысандарының барлығы ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады.

Ауыз су тарту жұмыстарын жеке-жеке аралап, көзбен көргеннен кейін барлық жауапты мердігерлермен тілдесті. Жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы орындау бойынша тапсырмалар берді. Аталған жұмыстардың барлығы да қатаң бақылауда болады.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар