Жамбыл облысында кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
- author Zhambylokq
- 7 қыркүйек, 2024
- 110
Бүгінге облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 17,7 млрд. теңгеден астам субсидия төленді.
Нәтижесінде, салада өнім 4,0%-ға артып, 142,6 млрд. теңгені құрады (о.і. егін шаруашылығы – 42,9 млрд. тг (НКИ-108,8%), мал шаруашылығы – 99,5 млрд. тг (НКИ – 101,8%)).
Биылғы жылы, Үкіметтің статистикалық деректерді нөлге келтіру туралы тапсырмасына сәйкес аудандармен егістік алқаптарға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылдары игеріліп жатқан жалпы егістік көлемін және су үнемдеу технологияларын пайдалану алаңдары бойынша есептер ұсынуда сәйкессіздіктер анықталды.
Яғни, облыс аумағында 2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 762,5 мың гектардың орнына 626,7 мың га шамасында алаңға орналастырылғаны белгілі болып, егіс алқабы 136 мың гектарға кеміді.
Оның ішінде:
дәнді және дәнді бұршақты дақылдар – 407,3 мың гектардан 366,3 мың гектарға;
майлы дақылдар – 65,6 мың гектардан 32,9 мың гектарға;
картоп – 11,3 мың гектардан 6,7 мың гектарға;
көкөніс – 43,1 мың гектардан 26,3 мың гектарға;
бақша дақылдары – 16,6 мың гектардан 5,3 мың гектарға;
мал азығы дақылдары – 207,6 мың гектардан 177,6 мың гектарға.
Сол сияқты, су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі 57,0 мың гектардан 40,0 мың гектарға қысқарды. Осы жылы қосымша 14,5 мың гектарға су үнемдеу технологияларын енгізіп, жалпы алқап көлемін 54,5 мың гектарға (жаңбырлатып суару 14,4 мың га, тамшылатып суару 32,6 мың га) жеткізу жоспарланған.
Мал басы және өндірілген өнімдердің көлемінде де ауытқулар анықталды. Мал басына санақ жүргізу арқылы, жыл басында облыста тіркелген 4,1 млн. бас мал саны 3,4 млн. басқа дейін төмендетілді. Яғни, 762 мың бас мал шын мәнінде жоқ.
Сондай ақ, өндірілген ет 34 мың тоннаға, ал сүт 115 мың тоннаға төмендеді.
Агроөнеркәсіп кешенінде 2024 жылы 14,6 млрд. теңгеге 16 инвестициялық жоба іске асырылады (жоспар - 345 жұмыс орнын құру).
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату жобасы бойынша 8,5 млрд. теңге қаржы қаралды (8 млрд. теңге республикалық бюджет, 0,5 млн. теңге жергілікті бюджеттен)
Бөлінген қаржыға 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 118 жұмыс орындары құрылады.
Осы жобалардың ішінде, өңірімізге қажетті жобалар іске асырылуда. Мысалы, ауыл шаруашылығы жануарларының жүн-терісін қайта өңдеу арқылы құрама жем мен тыңайтқыштар шығару, тауықтың қиынан биогумус өндіру, алма шырынын өңдеу, картоптан фри жасау, пиязды кептіру, көкөніс сақтау қоймалары және сүт тауарлары фермалары бар.
2024 жылдың 8 айында 350 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7 есеге артты (2023 жылы 44,0 мың тонна).
Оның ішінде өсімдік шаруашылығында 324,4 мың тонна (пияз 271,5 мың тонна, қырыққабат 36,4 мың тонна, картоп 13,2 мың тонна, сәбіз 3,3 мың тонна), мал шаруашылығында 1,5 мың тонна (сиыр еті - 233 тонна, қой еті – 739,6 тонна, құс еті – 376,4 тонна және 205 тонна малдың ішкі өнімдері) және өңделген ауыл шаруашылығы өнімі 23,5 мың тоннасы экспортталды.
- Слайд. Егін шаруашылығы
Есептік кезеңде, жалпы 531,6 мың га жаздық дақылдар жиналып, 1,6 млн. тн өнім алынды (87 %).
- масақты дәнді дақылдар 352,9 мың га орылып, 586,4 мың тн дән бастырылды (о.і. бидай - 165,1 гектардан 284,9 мың тн, арпа – 187,7 мың гектардан 301,5 мың тн).
- картоп дақылы - 2,3 мың га жиналып, 47,3 мың тн өнім (50%);
- көкөністер 5,2 мың га жиналып, (26%) 124,4 мың тн өнім;
- бақша дақылдары – 4,1 мың га жиналып, (84%) 113,2 мың тн өнім жиналды.
Ағымдағы жылғы ауа райының қолайлылығын ескере отырып, сондай ақ агротехникалық шараларды сақтай отырып, биылғы жылы болжаммен 3,2 млн. тн өнім алу күтілуде.
- масақты дәнді дақылдар 670 мың тн (18 ц/га);
- жүгері 84 мың тн. (63 ц/га);
- майлы дақылдар 29 мың тн. (9 ц/га);
- қант қызылшасы 640 мың тн. (571 ц/га);
- картоп 117 мың тн. (174 ц/га);
- көкөніс дақылдары 688 мың тн. (262 ц/га);
- бақша дақылдары 146 мың тн. (298 ц/га);
- мал азығы 812 мың тн. (46 ц/га).
Егін жинау науқанына облыс бойынша 10 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда (5,1 мың трактор, 556 комбайн және 4,4 мың басқа да техникалар).
Ағымдағы жылғы 8 айда 324 дана өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникалары алынып, жоспар 5,8 %-ға (түгендеу есебінен) орындалды (жылдық жоспар 5,5%).
Ауыл шаруашылығы техникаларын түгендеу жұмыстарының нәтижесінде, 3 280 данадан аса қолдану мерзімі 25 жылдан асқан техникалар есептен шығарылды.
Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстарына 11,4 мың тонна жанар-жағармай бөлінді.
Тарату бағасы литріне 250 теңгені құрады. Операторлар тарапынан облысымызға 4,2 мың тн. жеткізіліп, 2,5 мың тн шаруаларға таратылды. Тарату жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.
2024 жылы 332,4 мың га алқапқа 83,1 мың тн минералды тыңайтқыштарды ендіру жоспарланған. Бүгінгі күнге 959 шаруа тарапынан 51,8 мың тн тыңайтқыш алынып, 255,2 мың га алқапқа ендірілді.
Су үнемдеу технологияларын өндірумен айналысатын жалпы құны 65 млн. АҚШ долларын құрайтын 6 ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда.
1. «VODAR» (ҚХР) - жаңбырлатып суғару қондырғыларын шығару өндіріс орны (қуаттылығы жылына 500 қондырғы), жобаның құны 30 млн. АҚШ доллары;
2. ТОО «КАЗ КАСПИ ГИДРО» (ҚХР) - тамышлатып суғару қондырғыларын шығару өндіріс орны (қуаттылығы жылына 12 мың га), жобаның құны 6 млн. АҚШ доллары;
3. ТОО «KAZAKH INDUSTRIAL STROI» (ҚХР) – суғару каналдарының бетон жабындарының өндіріс орны (қуаттылығы жылына 240 мың шаршы метр), жобаның құны 7 млн. АҚШ доллары;
4. «ATLANTIS» (Түркия) - жаңбырлатып суғару қондырғыларын шығару өндіріс орны (қуаттылығы жылына 600 қондырғы), жобаның құны 20 млн. АҚШ доллары;
5. «Ans-Plast» (Қазақстан) - спринклерлік жүйелер өндірісі орны (қуаттылығы жылына 10 мың га), жобаның құны 400 млн. теңге;
6. «ARDENT PLASTIK» (Түркия) – тамшылатып және жаңбырлатып суғару қондырғыларының өндірісі.
- Слайд. «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ
Облыста «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 2023 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен жалпы 24,1 млрд. теңге бөлініп, 38 ауылдық округтен 4076 жобалар несиелендірілді.
Бұл қаржыға:
- 23,4 млрд. теңгеге 152,2 мың бас мал сатып алуға 4012 несие берілді;
- құрылған 38 кооперативтерге жергілікті бюджет есебінен 1,4 млрд. теңгеге 183 дана ауыл шаруашылығы техникалары лизинг жүйесімен берілді;
- ауылды елді мекендерде өз кәсібін ашу бағытында 317,5 млн. теңгеге 43 жоба қаржыландырылды.
- құрылған жеке кәсіпкерледі есептей отырып 4152 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Несие қайтарылымы 99,6%-ды құрап отыр.
2024 жылға 10,5 млрд. теңге қарастырылған. Бұл қаржыға 1200-ге жуық несие беру көзделуде.
Жалпы биылғы жылы мал сатып алу жобаларын қоспағанда, ауыл шаруашылығы және одан тыс кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін қаржыландыру жоспарланған.
Жоба толық іске асырылғанда келесі нәтижелер күтіледі:
- 10 мыңнан астам жаңадан жеке кәсіпкерлер тіркеледі;
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 19 мыңнан астам адамға төмендейді;
- соның салдарынан бюджеттік үнемдеу жылына 1,0 млрд. теңгені құрайды.
Осы кезеңде 10 мыңға жуық жеке кәсіпкерлер ашылады және мультипликативтік әсерінің нәтижесінде тұрғындардың табысын арттыруға, өндірістің, салық көлемін ұлғаюына және басқа да салаларға оң әсерін тигізеді.
Одан бөлек, жеке қосалқы шаруашылықтарды малмен қамтамасыз ету мақсатында ірі шаруашылықтар арқылы «тауарлы несиелендіру» жобасы іске асырылатын болады. Бүгінгі күнге аталған жобаның толық ережелері, тараптардың міндеттері, басқа да шаруашылық-құқықтық қарым қатынастары қарастырылып, операторлар тізімдері анықталуда.
4. Слайд. Өнеркәсіп саласы
Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 494,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді (НКИ 96,7%-ды құрады).
Тау-кен өндіру өнеркәсібі - 64,6 млрд. тн (НКИ 103,2%).
Өңдеу 319,8 млрд. тн (НКИ 92,0%, үлесі 64,6%).
Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп салаларындағы төмендеудің себептері:
1. Тамақ өнеркәсібі
Саладағы өндірістің төмендеу себебі - өткен жылдың тамыз айынан бастап облыстағы екі қант зауыты Ресейден келетін қанттың бағасына бәсекелестік көрсете алмауында (Ресейден келетін қант бағасы 300 тг/кг, біздің зауыттардың шағаратын қант бағасы 400 тг/кг). 2023 жылы 155,8 мың тн қант өндірілген.
2. Химия өнеркәсібі
Саладағы өндірістің төмендеуіне сыртқы факторлар әсер етуде – әлемдік нарықтағы минералды тыңайтқыштарға бағаның төмендеуі (1145 доллардан 490 долларға дейін) болып табылады. Бұл химиялық өнімдер нарығындағы баға бәсекелестігіне төтеп бере алмауы.
Ал төмендеудің ішкі себептері – республиканың ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыштарды қолдану белсенділігінің төмендігі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылы 500 мың тн минералды тыңайтқыштар сатып алу жоспарланған болатын. Алайда, ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында ішкі нарықта минералды тыңайтқыштарды сатып алудың жоспарланған көлемінің 85 мың тоннасы немесе 17% ғана сатылды.
3. Металлургия өнеркәсібі
Металлургия саласында әлемдік нарықта ферроқорытпа бағасының төмендеуіне байланысты «Тараз металлургиялық зауытында» өндіріс уақытша тоқтатылды, осы себепті саладағы өндіріс көлемі 9,6%-ға төмендеді.
Әлемдік нарықта ферроқорытпа бағасының тұрақталуына байланысты зауыт ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында өндірісті бастайды және жыл соңына дейін 9 мың тн өнім өндіру жоспарлануда.
2024 жылдың соңына келесі позициялар бойынша өндіріс көлемін ұлғайту жоспарлануда:
- сары фосфор өндіріс жоспары 88 мың тн (НКИ – 108,1%);
- ферроқорытпа өндіріс жоспары 9 мың тн (НКИ – 130,4%);
- қант өндіріс жоспары 160 мың тн (НКИ – 102,7%).
Тамақ өнеркәсібі үшін де келесі шаралар ұсынылады:
Өңірдегі зауыттардағы сату бағасы 355 тг/кг. Қант зауыттарының тұрақты жұмыс істеуі үшін көрші елдерден автокөлікпен қанттың контрабандалық жолмен тасымалдануын тоқтату керек.
Ағымдағы жылдың аяғында жоғарыда аталған ішкі және сыртқы себептерге байланысты 445 мың тонна немесе 2023 жылғы деңгейден 25,8%-ға төмен минералды тыңайтқыштар өндіру жоспарлануда.
Өңдеу өнеркәсібінің басқа салаларына келетін болсақ, өндіріс көлемі мен қарқыны сақталып, жыл қорытындысы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілетін болады.
5. Слайд. Инвестиция саласы
Ағымдағы жылдың 7 айдың қорытындысы бойынша облыста негізгі капиталға 247,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3% – ға артты (индикатор орындалуы – 35,2%).
Сонымен қатар, осы жылы 148,9 млрд. теңгеге 633 жұмыс орнын құрап, 17 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Қазіргі таңда, құны 139 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылды.
Жыл соңына дейін құны 10,1 млрд. теңгеге 5 асырылады.
Бұл, жобалар іске асырылғаннан кейін әлеуметтік жауапкершіліктері бойынша облыс үшін мектеп, балабақша, спорт кешендері және т.б. халық игілігі үшін көмек көрсетеді.
6. Слайд. Шағын және орта бизнес
Ағымдағы жылдың 1-ші шілдесіне жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 106 053 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға төмендеді.
ШОБ субьектілерінің дамуының арқасында осы жылдың 1-ші тоқсанына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 282,8 млрд. теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34,8%-ға өскен.
ШОБ-та жұмыспен қамтылған адамдар саны 2024 жылдың 1-ші тоқсанына 165 227 адамнан асып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,2% өскен.
2024 жылдың 1-ші тоқсанына шағын және орта бизнес үлесі 23,3% ал жалпы қосылған құн көлемі 148 739,4 млн. теңгені құрады.
2024 жылғы 1 қыркүйекке облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 112,5 млрд.теңгені құрайтын барлығы 26 736 кәсіпкерге несие берілді (2023 жылы тиісті кезеңге 101,0 млрд. теңгеге 22 816 кәсіпкерге несие берілді).
Бұл қаражаттың 65,2% (73,3 млрд. теңгесі) екінші деңгейлі банктер арқылы, 15,1% (17,0 млрд.теңгесі) «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингінің еншілес компаниялары арқылы, 19,7% (22,2 млрд. теңгесі) микроқаржы ұйымдары арқылы несиелендірілді.
Берілген несиелердің 49,2 млрд. теңгені құрайтын 1 584 жобасы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды (2023 жылы тиісті кезеңде 42,3 млрд. теңгеге 3295 жоба).
Осы жылы облысы бойынша «Бірыңғай кешенді бағдарламасы» аясында 30,1 млрд. теңгені құрайтын 1 130 жоба қаржыландырылды.
Облыс әкімдігі тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның арқылы «JAMBYL BUSINESS» өңірлік бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаға барлығы 2,0 млрд. теңге қаражат (әкімдік тарапынан - 1,0 млрд. теңге, «Даму» қоры тарапынан - 1,0 млрд. теңге) бөлінді.
6. Слайд. Туризм саласы
Жыл басынан бері облыста жалпы туристік саланы дамытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып, көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облысқа 40 844 турист келді (өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда туристер саны 131%-ға артқан). Оның 545-і шетелдік, 40 299 еліміздің басқа өңірлерінен келген туристер. Келушілерге 509 млн. теңгеге қызмет көрсетілді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласына салынған инвестиция көлемі 25,6 млрд. теңгені құрап, жоспар 209%-ға орындалса, бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында 10,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 220%-ға артығымен орындалып отыр.
Туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы уақытқа дейін Жамбыл ауданында орналасқан «Ақыртас» сарай кешенінде ауыз су тапшы еді. Жеке инвесторлардың қаражаты есебінен бұл нысан ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Жамбыл ауданында, Тараз қаласынан 35 шақырым жерде орналасқан «Таскөл» демалыс орталығы өндірістік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына сәйкес 77 млн. теңгеге электр желісімен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, 4 туристік нысанның инфрақұрылымын дамыту бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
Қазіргі таңда, туризм саласына инвестиция тарту мәселесі бойынша жалпы сомасы 15,9 млрд. теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 200 жаңа жұмыс орындары ашылады.
6. Слайд. Сауда саласы
2024 жылдың қаңтар-шілде айында ішкі сауда көлемі 502,9 млрд. теңгені құрады (НКИ – 100,3%).
Сонымен қатар, базарларды жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес ағымдағы жылы Тараз қаласы бойынша «Ауыл береке» және «Береке» базарларын жаңғырту көзделген.
Қазіргі уақытта, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр, үстіміздегі жыл соңына дейін аяқталады.
7. Слайд. «Zhambyl invest» Дирекциясы
«Zhambyl invest» Дирекциясы ағымдағы жылдың мамыр айында құрылды. Дирекция қызметі аясында 70 іскерлік кездесу өткізілді, 40 өтінім түсіп, толық шешімін тапты. Сонымен қатар, шет елдік 3 іс-шара ұйымдастырылып, 15 келісімге қол қойылды және 3 қаламен бауырластық қарым-қатынас орнатылды.
Дирекцияның сүйемелдеуімен жалпы сомасы 438 млрд. теңге көлемінде әлеуетті 30 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде. Оның ішінде 9 жобаны іске асыру бойынша тиісті жұмыстар басталды.