Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысының инфрақұрылымды дамыту саласы бойынша

Жамбыл облысының инфрақұрылымды дамыту саласы бойынша
ашық дерек
Баспасөз алаңында өзімнің жетекшілік ететін салаларым (энергетика, автомобиль жолдары, құрылыстың сапасын бақылау, төтенше жағдай) бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және жоспарлар туралы баяндаймын.

Ауыз су саласы

Өңірде 371 елді мекен бар.

4 қала және 367 ауылдық елді мекен.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алдағы екі жылда қала және ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету қажет.

Қазір ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен санағанда қалаларда 97,5% (513,4 мың адам), ауылдық елді мекендерде 94,9% (655,7 мың адам) болып отыр.

 

Ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 54 ауылдық елді мекен (35,4 мың адам) және Тараз, Шу қалалары бойынша 10 тұрғын алқап қалды (6,9 мың адам).

Ағымдағы жылы ауыз суға жалпы 21,5 млрд. теңге бөлініп, 68 жоба іске асырылуда (РБ - 18,4 млрд. теңге, ЖБ - 3,1 млрд. теңге).

Оған 37 елді мекен (құрылыс - 22 е.м., КБМ - 15 е.м.) мен 2 қаладағы                5 тұрғын алқапты (13,6 мың адам) сапалы ауыз сумен қамтамасыз          ету жоспарланып отыр.

Нәтижесінде, жыл қорытындысымен ауыз сумен жабдықтау көрсеткіші қалаларда 98,8% (524,4 мың адам), ауылдық елді мекендерде 98,1% (651,8 мың адам) болады.

Республикалық бюджеттің 2025 жылғы жоспарын қалыптастыруға 23,9 млрд. теңгеге 30 жоба ұсынылды.

Электр энергиясы

Облыста 24 компания электр энергиясын өндірумен айналысады. Олардың жалпы қуаты 1844 МВт. («ЖГРЭС» АҚ - 1230 МВт, «Таразэнергоорталық» АҚ - 43 МВт, 22 ЖЭК - 571,3 МВт).

 

Еліміздің оңтүстік бөлігінде «Жамбыл ГРЭС» компаниясы ең ірі электр энергиясын өндіруші болып табылады.

Станцияда 6 энергоблок бар. Жалпы 1230 МВт электр энергиясы өндіріледі.

Осы компания инвестициялар есебінен алдағы 3 жылда 115,0 млрд. теңгеге қуаты 210 МВт электр энергиясын өндіретін  газ-турбиналық станциясының құрылысын іске асырады.

 

Өңірде жалпы қуаты 571,3 МВт құрайтын 22 жаңартылатын энергия көздері бар. Оның ішінде 6 су электр станциясы (24,4 МВт), 10 жел электр станциясы (275,6 МВт), 6 күн электр станциясы (271,25 МВт).

Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш.

 

Алдағы уақытта облыста 3 ірі жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар:

Мойынқұм ауданында «Total Eren» компаниясымен қуаты              1 ГВт құрайтын жел электр станциясы;

Сарысу және Талас аудандарында Masdar (БАӘ) компаниясымен қуаты 500 МВт жел электр станциясы;

China Power компаниясы тарапынан қуаты 500 МВт жел электр станциясы жобалары.

Жоспарға сәйкес, 2028 жылға қарай жаңартылатын энергия көздері 25 нысанға артып, қуаты 2,5 ГВт құрайтын болады.

 

Оңтүстік өңірдегі электр қуатының өткізу қабілетін арттыру үшін «KEGOC» компаниясы тарапынан 154,0 млрд. теңгеге «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шу-Жамбыл-Шымкент» жоғарғы кернеулі әуе желілерінің 2-ші желісін салуды жобалау жұмыстары басталды.

 

Аталған желілердің өткізу қабілеті жылына 18,1 млрд. кВтсағ. құрайды (2070 МВт/сағ.).

Оның 4,2 млрд. кВт/сағ. электр энергиясы Жамбыл облысының тұтыну көлемі болып табылады.

Иесіз электр желілері

Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі және Шу аудандарында 31 дана трансформатор және 81,4 шақырым электр желілері иесіз екендігі анықталды.

- Жамбыл ауданында 10 дана трансформатор;

- Т.Тысқұлов ауданында 1 дана трансформатор;

- Меркі ауданында 10 дана трансформатор, 45,8 шақырым электр желілері;

- Шу ауданында 10 дана трансформатор, 35,6 шақырым электр желілері.

Аталған желілерді коммуналдық меншікке алу бойынша тиісті Жол картасы әзірленді. Жұмыстар алдағы жылы толық аяқталады.

 

Жылу энергетикасы

Облыстың отын-энергетика кешендерімен алдағы жылыту маусымына дайындық шараларына жалпы 15,3 млрд. теңге қаралды.

Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 350,7 шақырым. Олардың тозу деңгейі - 55,5% болып отыр.

7,1 млрд. теңгеге Тараз қаласындағы М-1 жылу магистралын (10,6 млрд. тг, 6,1 шқ) қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл жоспарлы 6,1 шқ жылу желілерінің 4,6 шқ ауыстырылады.

 

Сондай-ақ, Қаратау қаласының 3,9 шқ (342,5 млн. тг) және Жаңатас қаласының 700 метр жылу желілері (148 млн. тг) қайта жаңарды.

Қаратау қаласындағы резервтік мазут шаруашылығын (653,9 млн. тг) және жеке қазандығын қайта жаңғырту (680,8 млн. тг), Жаңатас қаласының орталық қазандығын мазут-газбен жұмыс істеуге ауыстыру (4,2 млрд. тг) іске асырылуда.

Бұл жобаларды тиімді аяқтау үшін облыс әкімі Ербол Шырақбайұлының қолдауымен қаржы мәселесі шешілді.

 

Алдағы жылыту маусымына Жаңатас қаласының жылу  қазандығына 11,9 мың тонна мазут алуға қажетті 1,6 млрд. теңге облыстық бюджеттен берілді.

 

Жылыту маусымында тұрғындар 145,0 мың тонна көмір тұтынады. Ал, бюджеттік ұйымдардың көмір тұтыну жоспары 63,0 мың тн.

Бүгінгі күнге бюджеттік ұйымдарға 38,4 мың тонна көмір жеткізілді.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Облыстың 4 қаласында жалпы 1 831  көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 599-ы қанағаттанарлық жағдайда (32%), 561-і күрделі жөндеуден өткен (30%), 671-і жөндеуді қажет етеді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту аясында 2011-2023 жылдары аралығында жалпы 17,0 млрд. теңгеге            561 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті (11,8 млрд. теңге РБ -  363 үй,           2,0 млрд. теңге ЖБ - 67 үй, 3,2 млрд. теңге қайтарым қаражат - 131 үй).

 

Бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы жалғасын тауып, жалпы 5,9 млрд. теңгеге 79 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтуде. Оның ішінде Тараз қаласында - 53 үй, Жаңатас қаласында - 12 үй, Шу қаласында - 10 үй, Құлан ауылында - 4 үй.

Нәтижесінде, жөндеуді қажет ететін үйлердің үлесі 32,3%-ға төмендейтін болады.

 

Газдандыру саласы

Жамбыл облысына табиғи газ «Бейнеу-Бозой-Шымкент», «Бухара газнасосты аумақ - Ташкент, Бішкек, Алматы», «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырлары және «Амангелді газ» кенішінен тасымалданады.

Облыстың 2024-2040 жылдарға арналған өңірлік газ балансы бекітілді. Қазір тұтынылатын газдың көлемі жалына 2,2 млрд. м3 құрайтын болса, 2030 жылға қарай 4,8 млрд. м3, 2040 жылға 6,0 млрд. м3 болады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен оңтүстік өңірлердің газ балансын қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі Катарлық инвестормен бірлесе «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының 2-ші желісінің құрылысын 2025-2027 жылдары іске асыруды жоспарлануда.

Нәтижесінде, газ құбырының өткізу қабілеті жылына 30 млрд. м3 дейін ұлғаятын болады.

 

Бүгінгі күнге, 285 елді мекен табиғи газбен қамтылған.

Халық санымен газдандыру деңгейі 91,1% құрайды, елді мекен санымен көрсеткіш 76,8% құрап отыр.

38 елді мекенді газдандыру бойынша жалпы 8,5 млрд. теңгеге 12 жобаның құрылысы жүргізілуде.

1) «Самрұқ-Қазына» АҚ дивиденді - 3 076,514 млн. теңге;

2) Ұлттық қор - 4 111,259 млн. теңге;

3) Жергілікті бюджет - 1 305,275 млн. теңге.

Оның ішінде, 2019 жылдан бастап Сарысу ауданының                           14 елді мекенін, Шу ауданының 18 елді мекенін газдандыру          және «Еврохим», «Шу» автоматты газ тарату станцияларының құрылысы іске асырылуда.

 

Бұдан бөлек, Қордай ауданындағы Қарасай, Еңбек, Керу ауылдарын газдандыру, Жуалы ауданының Билікөл ауылдық округіне магистралды газ құбырын салу және Қарабастау, Жылыбұлақ ауылдарын газдандыру, Жамбыл ауданындағы Жаңаөткел, Тоғызтарау, Құмсуат ауылдарына және Талас ауданындағы Майтобе, Қожағаппар ауылдарына жоғарғы қысымды газ құбырларын салу жобаларының құрылысы жүруде.

 

 

Сонымен қатар, Мойынқұм ауданының 9 елді мекенін (Айдарлы, Бірлік, Биназар, Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай) газдандыру жобасының бірінші кезеңі бастау алып, жақын арада бастапқы 3 елді мекенге (Айдарлы, Бірлік, Биназар) таратушы газ құбырларын салу жұмыстары жүргізіледі.

 

Қазіргі таңда облыс бойынша газдандырылмаған 86 елді мекен бар. Оның ішінде:

- 38 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүруде;

- 13 елді мекенге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырылды;

- 2 елді мекенге жоба-сметалық құжаттары әзірленуде;

- 33 елді мекенде халық саны аз болуына (200 адамнан төмен) байланысты газдандыру кейінгі жылдарға жоспарлануда.

 

Газ нысандарын меншікке өткізу туралы

2012-2019 жылдары аралығында табиғи газбен қамту саласында 118 нысан пайдалануға берілген.

Бүгінгі күнге оның 55-і Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тапсырылып, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның меншігіне беру жұмыстары жүргізілуде.

Қалған 63 нысан бойынша қажетті құжаттары әзірленуде. (Жамбыл ауданы - 4 нысан, Меркі ауданы - 19 нысан, Талас ауданы - 5 нысан, Шу ауданы - 1 нысан, Тараз қаласы - 14 нысан,  Энергетика басқармасы - 20 нысан).

 

4 АГТС («Отар», «Ақыртөбе», «Билікөл», «Андас батыр») туралы

2019-2022 жылдары аралығында бюджет есебінен Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Талас аудандарында 4 автоматты            газ тарату станциясы (АГТС) салынған.

1) 2018 жылы Т.Рысқұлов ауданында «Ақыртөбе» АГТС салынып, нысанда кемшіліктер орын алуына байланысты «Интергаз Орталық Азия» АҚ теңгеріміне өтпеген. Қазіргі таңда нысанды пайдалануға беру үшін кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қуаты - 20 мың м3/сағ.

Бүгінгі күнге, елді мекендерді газбен қамту үшін қолданыстағы АГТС жұмыс істеуде. Жаңа АГТС пайдалануға берілгеннен кейін бұл АГТС консервацияға қойылатын болады.

2) 2019 жылы Меркі ауданында «Нововоскресеновка» АГТС салынған. Бүгінде нысанда орын алған ішінара кемшіліктер жойылу үстінде, алдағы уақытта қысыммен қайта тексерілетін болады. Жалпы қуаты - 10 мың м3/сағ. А.ж. қазан айында «Интергаз Орталық Азия» АҚ меншігіне өткізу жоспарлануда.

3) 2022 жылы Қордай ауданындағы «Отар» АГТС салынған. Бүгінгі таңда 12 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз етуде. Жалпы қуаты - 15 мың м3/сағ. Қазіргі таңда нысанда орын алған кемшіліктер жойылып, «Интергаз Орталық Азия» АҚ меншігіне өткізу жұмыстары жүргізілуде.

4) 2022 жылы Талас ауданында «Билікөл» АГТС салынды. Аталған АГТС алдағы уақытта газ желілері салынатын Талас және Жуалы аудандарының бірқатар елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ететін болады.

 

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы іске асырылуда.

Бұл ретте санитарлық тазалау, көгеріштендіру және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгінгі күнге ұйымдастырылған сенбіліктерге өсім бойынша жалпы 700 мыңнан астам өңір тұрғындары, ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен этнос өкілдері атсалысты (оның ішінде     20 мың ерікті, 6 мыңға жуық кәсіпорын, мекемелер қатысты).

 

60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 818 шқ каналдар мен арық жүйелері, 129 мың аулалар мен 4,5 мың шқ көше жолдары тазартылды.

16 мың тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды. Бұл жұмыстарға жалпы 958 бірлік техника жұмылдырылды.

 

Экологиялық акцияның шеңберінде облыста «Үлгілі ауыл» конкурсын өткізу жоспарланып отыр. Бүгінде, конкурстың  Ережесі бекітіліп, комиссия құрамы жасақталуда.

Конкурстың жеңімпаздарына арнайы жүлделер қарастырылған.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі іске қосылып, телеграмм-бот арқылы өтінімдер қабылдануда.

Осы орайда, өңір тұрғындары санитарлық тазалық пен аббаттандыруға мәселелеріне қатысты өтінімдерді телеграмм-бот арқылы жолдауларына болады.

 

Жол саласы бойынша

Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді-мекен көшелерінің желісі бүгінде 10 084 шқ құрайды (республикалық, облыстық, аудандық, ауыл ішілік).

Оның 6041 шқ жақсы (59,9%), 2519 шқ. қанағаттанарлық (24,9%), 1524 шқ нашар жағдайда (15,1%).

Бүгінгі таңда 357 жобаның шеңберінде 690,5 шқ жол жөндеу жұмыстары іске асырылуда.

Оның ішінде 671,0 шқ жолдарды орта жөндеу, 1 көпір мен 16,5 шқ көше жолдары құрылысы және 3,0 шқ жолды қайта жаңғырту жоспарланған.

«ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында – облыстық және аудандық мәні бар жолдар бойынша 34 жоба немесе 164,2 шқ. жөнделеді.

Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 99% – ға (жақсы 65%, қанағаттанарлық – 34%,) жеткізу межеленген.

Елді-мекен көше жол желісі бойынша жалпы ұзындығы 5726 шқ. құрайды, оның 3321 шқ жақсы жағдайда болса (59%), 1203 шқ. қанағаттанарлық (20%) жағдайда. Қанағаттанарлықсыз жағдайда 1202 шқ. (21%) құрап отыр. Ағымдағы жылы: «Ауыл-Ел бесігі»,  «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамыту» бағдарламары және  Аудандық және қалалық бюджеттердің есебінен 323 жоба немесе 526,3 шқ. жолдар жөнделетін болады.

Нәтижесінде, елді мекен көшелері бойынша көрсеткіш 87%-ға (жақсы – 67%, қанағаттанарлық -20%) жеткізілмек.

 

2025 жылдың жоспарына келетін болсақ, 189,6 шқ жергілікті маңызы бар автожолдарды, 150 шқ елді мекен көшелерін орта жөндеу жоспарлануда.

 

Жол жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалау «Жол активтерінің Сапа орталығымен» келісім-шарт негізінде жүргізіледі (205,0 млн.теңге).

 

Мерзім ішінде сапа орталығымен 840 жерге шығып зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 2642 сынама алынды.

Нәтижесінде, 263 (республика – 233; жергілікті – 30) ескертулер беріліп, жұмыс тәртібінде жою жөнінде шаралар қабылданды.

 

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1194 шқ құрайды.

2020-2025 жылдың жоспарына сәйкес, қайта жаңарту жұмыстары 473 шқ. құрайды, олар «Меркі-Бурылбайтал» - 266 шқ., «Балқаш-Бурылбайтал» - 145 шқ., «Күрті-Бурылбайтал» - 62 шқ. жобаларында жүргізілуде.

Күрделі жөндеу 68,4 шқ құрайды, атап айтсақ -«Шу-Қайнар» - 56 шқ., Ескі «Күйік» асуы - 12,4 шқ.

Аталған жобалар толық іске асырылып, пайдалануға берілген соң, республикалық жолдар бойынша жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін  97,3%  жеткізу жоспарлануда.

Жалпы жергілікті маңызы бар жолдарды 2024 жылғы қараша-желтоқсан айларында қысқы күтіп ұстауға 312,7 млн. теңге қаржы қарастырылды. Бұл жұмыстарға 23 мердігерлік ұйымдар тартылып, 189 бірлік арнайы қыстық техникалар мен жабдықтарды жұмылдыру, сондай-ақ 12 000 тн. тайғақтыққа қарсы материалдарды әзірлеу жоспарлануда.

 

Көлік саласы бойынша

Облысы бойынша 138 автобус маршруттары (13 облысаралық, 28 ауданаралық, 54 ауданішілік, 38 қалалық, 5 қала маңылық)  ұйымдастырылған.

Жалпы 2024 жылы 79 маршрутқа 6,1 млрд. теңге субсидия бөлініп отыр. Оның ішінде, ауданаралық – 158,2 млн. тг., темір жол – 333,9 млн. тг., ауданішілік – 812,0 млн. тг. және қалалық маршруттарға – 4,8 млрд. тг.

Ағымдағы жылы қалалық маршруттарды жаңартуға
80 бірлік («СапарТранс-2012» ЖШС - 20 бірлік, «Smart City Servise» ЖШС – 14 бірлік, «Автобусный парк-2020» ЖШС - 31 бірлік және «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС 15 бірлік) жаңа автобустар жеткізілді.

Жыл соңына дейін қосымша 60 автобус сатып алу жоспарда.

 

 

Аудандарға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы лизингтік қаржыландыру бағдарламасымен 13 бірлік автобус сатып алынды (Шу -7 бірлік және Меркі - 6 бірлік). Аталған бағдарлама аясында жыл соңына дейін қосымша 10 автобус алу жоспарда.

 

Облыс орталығындағы «Халықаралық Әулие-Ата әуежайынан» (меншік иесі «SCAT» авиакомпаниясы) Астана, Алматы және Атырау бағыттарында әуе рейстері қатынауда. Еліміздің басқа облыс орталықтарына және демалыс орындарына қосымша әуе рейстерін ашу бойынша жоспарлар бар.

 

Темір жол саласы бойынша

Қысқаша айтып өтетін болсам, КТЖ-Жамбыл жүк тасымалы – Жамбыл бөлімшесі бойынша а.ж. 8 айы бойынша жүк тасымалынан түскен табыс 29,9 млрд. теңгені құрады.

Тәуліктік жүк тиеу 371 вагон, орташа тәуліктік түсірілуі 300 вагон болды.

 

Жамбыл жол бөлімшесінде 8 вокзал бар. Оның 2-еуі 1 сыныпты, 2-еуі 3 сныпты, 4 вокзал жалпы қолданыстағылар. 2025 жылы Шу вокзалына күрделі жөндеу жоспарлануда, қалған вокзалдарға мекеменің өз күшімен ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Бүгінгі таңда Тараз вокзалы арқылы 24-25 жолаушылар поезы қатынайды. Оның ішінде 4 халықаралық поездар.

Жыл басынан бері вокзалдар 661 мың адамға қызмет көрсетті.

 

Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау бойынша

2024 жылы 121 құрылыс объектілеріне жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 71 нұсқама беріліп, 170 әкімшілік іс қозғалды.

Оның ішінде 105 тапсырыс беруші, 31 мердігер мекеме, 5 жобалаушы,17 техникалық қадағалаушы және 12 авторлық қадағалаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл соммасы 38,9 млн. теңге.

7 техникалық қадағалаушыға әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынумен қатар қолданыстағы сарапшы аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды.

Құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізген 2 мердігер мекеме Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 312-бабының 1-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің ұсынымдарына сәйкес аудандарындағы құрылыс нысандарына жалпы 145 профилактикалық мониторинг жұмыстары жүргізілді.

 

Жалпы облыс аумағында құрылысы тоқтап тұрған 51 сақалды құрылыс нысандары болған. Бүгінгі күнге 24 нысан пайдалануға берілді.

Тараз қаласында 21 нысан қалды: 4 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқтау жұмыстары жүргізілуде; 8 нысанның құрылысы жүріп жатыр; 5 қаражатқа байланысты тоқтап тұр; 4 нысан Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінде жерін қайтару бойынша қаралуда.

Ал, аудандарда 6 нысан қаржы жетіспеуіне байланысты тоқтап тұр (Байзақ, Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас, Шу, Қордай).

 

Төтенше жағдай

Ағымдағы жылы авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін қауырт жұмыстар 3022 рет атқарылып, нәтижесінде 302 адам құтқарылды және 204 адам төтенше жағдай аумағынан шығарылды.

Табиғи және техногендік сипаттағы 462 төтенше жағдай орын алып, 28 адам зардап шекті. Өкінішке орай 13 адам қаза болды.

Тіркелген төтенше жағдайлардың 90% тұрмыстық өрттер.

 

Сонымен қатар, орман өрттерінің саны 4 есеге (2023 ж.-3, 2024 ж.-12) және өртенген жерлердің ауданы 6 есеге (2023 ж.-449, 2024 ж.-2946) артты. Өрттердің негізгі себептері – биік өскен шөптің құрғауы, жауын-шашын кезіндегі найзағайдың түсуі.

 

 

Орман қоры жерлерінде 6 найзағай қаққыш, 26 өрт бақылау мұнаралары бар. 11,0 мың шақырымнан астам өртке қарсы минералды жолақтарға күтім жасау жұмыстары жүргізілді.

 

Жамбыл облысының аумағында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілді. Талас өзені арнасының жағалауларын бекіту жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 6 елді мекенді су басу қауіпі жойылды.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар