«БІР ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕС»: ЖАНҒАЗЫ АХМЕТ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІР ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША БЕЙНЕ-ШОЛУ ЖАРИЯЛАДЫ
- author Zhambylokq
- 9 қыркүйек, 2024
- 174
«Бұл видеороликте Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевтің Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған бір жылдың ішіндегі жұмыс сапарлары әрі жұмыс кестесінен тыс уақыттарда қала, аудан, ауылдарды аралау барысындағы және маңызды жиындар, іскерлік кездесулері, тұрғындармен жылы жүздесулері қысқаша топтастырылған... Бір жылда атқарылған жұмыстар аз емес. Ол туралы облыс әкімі және облыс әкімінің орынбасарлары, Тараз қаласының әкімінің қатысуымен жақында ғана өткен брифингтерде жан-жақты есеп берілді.
Нақты мәліметтермен жамбыл облысы әкімдігінің ресми парақшаларында және бақ беттерінде жарияланған ақпараттар арқылы толыққанды таныса аласыздар. Әрине, қордаланған барлық мәселе бір жылда шешілді деуден аулақпыз.
Дегенмен, түпкілікті нәтижеге жету үшін жүйелі жұмысты қалыптастыру, мәселелердің салдарын емес, себебін анықтап, негізін нақтылау бойынша көп шаруа қолға алынып, нақты мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Ал, алдағы жоспар ауқымды: Бұл реттегі ұстаным – «Арық айтып, семіз шығу»!
(Әлбетте, 4 минуттық роликте барлық кадрды қамту мүмкін емес).
Арзан пияр, жалған көзбояушылықтан аулақпыз. Тек, бүгінгідей әлеуметтік желінің желдей есіп, ақпарат ағыны толассыз жүріп жатқан кезеңінде аймақ басшысының әр жұмыс сапары, келелі кездесулері мен маңызды жиындары барысынан тұрғындарды дер кезінде хабардар етіп отыру – біздің негізгі міндет! ,- деп жазды Жанғазы Ахмет.