Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

2024 жылғы шомылу маусымының өтуі туралы

2024 жылғы шомылу маусымының өтуі туралы
ашық дерек
Облыс аумағында халқы тығыз орналасқан немесе оларға тікелей жақын орналасқан, қол жетімді және шомылуға жарамды 117-ден астам су айдыны бар.

2024 жылдың басынан бері 6 адам суға батып кетті, оның ішінде 0 бала (2023 жылы осыған ұқсас кезеңде 7 адам тіркелді, оның ішінде 3 бала).

2024 жылы шомылу кезеңінде 2 жазатайым оқиға тіркелді
(2023 жылы осыған ұқсас кезеңде 5 адам тіркелген, оның ішінде 3 бала).

Статистика көрсеткендей, судағы оқиғалар көп жағдайда адамның кінәсінен, өзіне деген сенімділіктің, өз күштері мен мүмкіндіктерін аса бағалаудың, судағы жүріс-тұрыс ережелерін елемеудің, атап айтқанда тыйым салынған және бейтаныс жерлерде шомылудың, масаң күйде болудың салдарынан болады.

Бұл ретте 4 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды.

Әкім қаулысымен (31.05.2024 ж. №139)  су объектілерінде шомылуға рұқсат берілген 13 орын белгіленген.

Өз кезегінде, аталған 13 учаскеде 7 коммуналдық және 6 жеке жағажай бар. 7 жағажайда су айдынының түбін тексеру және тазалау жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ 12 құтқарушы-жасақ оқытылды.

Анықтама: жаппай демалуға арналған 13 орын:

Тараз қаласы-2, Жамбыл ауданы-1, Жуалы ауданы-2, Қордай ауданы-2,
Сарысу ауданы-1, Талас ауданы-2, Шу ауданы-3.

Демалыс орындарының иелерімен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы әңгімелесулер жүргізілді.

Тараз қаласының (2 мобильді), Талас (2 мобильді),
Сарысу (1 стационарлық) және Шу (1 мобильді) ауданының аумағында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдеу үшін стационарлық және мобильді бекеттер қойылды.

Департаменттің аппараты мен ауысымнан бос құтқару бөлімшелерінің есебінен күн сайын сағат 13.00 - ден 19.00-ге дейінгі уақыт аралығында шомылуға жабдықталмаған акваторияларда рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Ағымдағы жылы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері үкіметтік және аумақтық деңгейде ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясы мен Жамбыл облысының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының отырысы шеңберінде қаралды.

Оның қорытындысы бойынша су айдындарында адам өлімінің алдын алуға бағытталған шаралар кешені әзірленді.

Су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында кең ауқымды алдын алу шаралары ұйымдастырылып өткізілді:

«Судағы қауіпсіздік» тақырыбы бойынша 38 дана баннер және
40 000 дана үгіт материалдары (жаднамалар) сатып алынды.

496 - ескерту және тыйым салу белгілері,  38 - көрнекі стендтер орнатылды;

2024 жылдың 01 маусымынан бастап жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі және волонтерлік ұйымдармен бірлескен
2540 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды:

ТЖМ – 2000 рейд;

ЖАО – 45 рейд;

ІІМ – 420 рейд;

Кәмелет жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар - 75 рейд;

1400 ерікті тартылды.

52 000 - үгіт өнімі таратылды.

Сондай-ақ, БАҚ арқылы жазғы кезеңде су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері бойынша іс-шаралар кеңінен жарияланды, сөз сөйлеулер ұйымдастырылды, ақпарат радиода орналастырылды, әлеуметтік желілерде, газеттерде және ведомстволық «Қазақстанның өрт сөндірушісі және құтқарушысы» журналында мақалалар жарияланды.

Халықтың, оның ішінде балалардың назарын аударуға бағытталған акциялар мен флэшмобтар өткізілді, сондай-ақ:

46 - әлеуметтік бейнеролик шығарылды.

55 - радиода;

38 - теледидарда;

175 - газет және журналдарда мақала жариялау;

340 - әлеуметтік желілерде ақпарат жарыққа шығарылды.

Шомылу маусымы басталғаннан бері адамдардың суда жаппай демалу орындарында бірлескен рейдтер өткізу кезінде 1563 бұзушылық анықталды:

 364 бап «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 723 адам жауапкершілікке тартылды;

440-бап «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу» бойынша  768 адам жауапкершілікке тартылып, 7 797 466 теңге айыппұл салынды;

412-бап «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау» бойынша 72 адам жауапкершілікке тартылып, 970 996 теңге айыппұл салынды.

Облыс аумағында ауа райы қолайлы болуына байланысты бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар