Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Еліміздегі адам саудасына қарсы іс-қимылдар

Еліміздегі адам саудасына қарсы іс-қимылдар
ашық
Адам саудасы адам құқықтарын бұзудың ең қатыгез түріне жатады. ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия адам саудасы ел экономикасына кері әсер етіп, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретінін ескере отырып, 2006 жылы 3 тілде ҚР Адам құқықтарын қорғаудың базалық баяндамасын даярлады. 2007 жылы бұл баяндама БҰҰ келісімшарт органдарында таныстырылды. Құжатта адам саудасына ерекше көңіл бөлуді, адам саудасына қарсы заң қабылдауды және халықаралық келісімшарттарды ратификациялау ұсынылды. Бұл жайында ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Әбішев ОКҚ алаңында сөз қозғады.

Оның айтуынша, ҚР ІІМ тиісті хаттамаларды даярлап, ратификациядан өткізді.

«Бұл өте күрделі мәселе. Еліміздің қауіпсіздігіне үлкен әсер етеді. Жалпы, заңсыз табысы жағынан бұл әлемде 3 - орын алады. Бірінші орында – заңсыз қару-жарақ сату, екіншісі – есірткі сату, үшіншісі - ол осы адам саудасының заманауи түрлері. Яғни қанау арқылы, еңбекпен қанау, сексуалды қанау, органдарды, тканьдарды алып қою, қыздарымызды алдап, суррогатты ана ету, ол кәдімгі адам саудасының заманауи түрлеріне жатады», – деді спикер. 

2013 жылы Комиссия Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы адам құқықтарының сақталуы туралы баяндама әзірледі. Бұл құжатта Үкімет пен Парламентке Қазақстанда адам саудасына қатысты жеке заң қабылдау ұсынылды. Кейін еңбекші мигранттар мен адам саудасының құрбандарының құқықтарын қорғау туралы талдау баяндамасы жасалды. 

2020 жылы тағы бір баяндама әзірленіп, оған Мемлекет басшысы өзінің оң бағасын берді. Кейін саланы реттейтін тиісті заң қабылданды. Т. Әбішевтің пікірінше, енді бұл құжаттың нормаларын іске асыру үшін барлық жауапты орган бірлесіп жұмыс жүргізу қажет.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар