Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тариф саясатына көшу

Тарифті инвестицияға айырбастау»  жаңа тариф саясатына  көшу
ашық дерек
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің негізгі қызметі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін реттеуге, табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған.

Сонымен қатар, табиғи монополиялар заңнамасы аясында Департаменттің негізгі мақсаттары ол тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету, табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және оларға сұранысты қанағаттандыруды ынталандыру, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерiнің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Департаменттің тарифтік саясаты, ол тұрақты түрде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтерімен бағаларына негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмысты жүргізу.

Департамент Жамбыл облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің Жергілікті бөліміне енгізілген қызметтердің 56 түрін көрсететін 38 табиғи монополия субъектісін реттейтін орган болып табылады. Олардың ішінен:

  • сумен жабдықтау кызметтері бойынша – 18 ТМС;
  • сарқынды суларды бұру қызметі бойынша – 9 ТМС
  • табиғи газды тасымалдау қызметтері бойынша – 1 ТМС;
  • суды арналар арқылы беру қызметтері бойынша– 2 ТМС;
  • жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтері бойынша – 17 ТМС;
  • кірме темір жолдары қызметтері бойынша – 8 ТМС;

- электр энергиясын беру және бөлу бойынша қызметтері – 1 ТМС.

2024 жылдың басынан бері Департаментке 17 табиғи монополиялар субъектілерінен 34 тарифті бекітуге 29 өтінім және 2 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі тұралы 5 хабарлама келіп түсті.

Түскен өтінімдер мен хабарламаларды қарау нәтижесінде 22 өтінім бойынша 22 тариф бекітілді, 4 өтінім және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің 2 хабарламасы бойынша қараудан бас тартылды, 4 өтінім субъектімен өз еркімен кері қайтарылды, 2 өтінім қаралуда.

Сондай-ақ, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруға байланысты 2 субъектінің инвестициялық бағдарламасына ЖАО бірлесіп өзгерістер енгізілді.

 

Жоғарыда айтылғандай, Департамент қызметінің басты бағыттарының бірі – табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылау. Бұл бағытта 2024 жылдың 8 айында Департамент тарапынан 1 табиғи монополия субъектісіне қатысты 2  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Атап айтқанда:

Тұтынушыларға техникалық шарттар беру мерзімдерін бұзғаны және газ тарату желілеріне қосуға заңсыз ақы талап еткені үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ-на 2 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 5 970 200 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жамбыл облысының жергілікті мемлекеттік тіркеліміне енгізілген 5 табиғи монополия субъектілеріне қатысты тексеру жүргізіліп, оның 4 заң бұзушылықтар анықталды.

Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын қалпына келтіру жөнінде 4 нұсқама енгізіліп, оның 3 толығымен орындалды, 1 орындалу барысында.  

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес, Департаментпен 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1) «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру»;

2) «Егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беру»;

3) «Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру»;

4) «Мемлекеттік тіркелімге табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан шығару»;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы        5 маусымдағы №47 бұйрығымен бекітілген «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына» және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес, Департамент мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

2024 жылдың 6 айында Департамент 8 мемлекеттік қызмет көрсетті:

«Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру» - 0;

«Егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста ескерілген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуға келісім беру» - 0;

 «Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру» - 0;

«Мемлекеттік тіркелімге табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан шығару» - 8.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылғаны – 0.

Бүгінгі күнге атқарып жатқан ен маңызды жұмыстың бірі ол тұтынушылардың  назарына табиғи монополиялар субъектілерінің жасап жатқан жұмыстарының, инвестициялық бағдарламада қарастырылған іс-шаралардың орындалуын, сол жұмыстардың нәтижесін жеткізу және Департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатымен               2024 жылдың басынан бері депутаттардың, «Amanat» партиясының, жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестігінің, бұқаралық – ақпарат құралдарының өкілдерінің және тұтынушылардың қатысуымен  45 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді, оның ішінде 8 – тұтынушылардың қоғамдық қабылдауы,  12 – жария тыңдау,                         9  – семинар,    2 – дөңгелек үстел, «Тарифті инвестицияға айырбастау»  жаңа тариф саясатын іске асыру бағытында 2 – брифинг, тарифтік саясат жөніндегі кеңес жанындағы табиғи монополиялар саласындағы тариф белгілеу мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның 12 отырысы өткізілді.

Сондай-ақ, тұтынушыларды атқарылып жатқан жұмыс және қабылданған шешімдер бойынша хабардар ету мақсатында Департамент қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс жүргізілді: барлығы 188 материал жарияланып, сұбхаттар берілді, оның ішінде газеттерде – 25, Комитеттің  сайтында – 47, «Jambyl» облыстық телеарнасында және радиода – 19, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде - 97.

2024 жылдың 8 айында Департаментке 883 құжат келіп түсті,  шығыс құжаттың саны – 736, барлығы белгіленген мерзімде орындалды.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 8 айында Департаментке 86 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті,  жеке тұлғалардың – 66 (77%), заңды тұлғалардың өтініші – 20 (23%), оның ішінде 71 – өтініш (83%),            2-шағым (2%), 13 – басқалар (15%).  Өтініштердің қаралу нәтижелері бойынша   59 - қаралды,  8 -  қаралуы тоқтатылған,    18 – басқа мемлекеттік органдарға жолданған, қаралуда – 1.  Барлық өтініштер тиісті мерзімде қаралды, мерзімі өтіп кеткен немесе орындалу мерзімдері сақталмаған немесе  қайта түскендері болған жоқ.

Департамент жоғарыда көрсетілген жұмыстармен қоса, әрі қарай табиғи монополия субъектілерінің және тұтынушылардың мүдделерін ескере отырып, тарифтік саясатты жүзеге асырады.

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар