«Жамбыл - Жылу» МКК инвестициялық бағдарламаның іс –шараларын орындау
- author Zhambylokq
- 29 қыркүйек, 2024
- 46
Аталған іс-шараға Департамент басшысының орынбасары Қалдыбай Әбдімүтәліпұлы Мүслім, депуттар, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және коммуналдық тұрғын – үй шаруашылық басқармасының, «Amanat» партиясының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ-ның және «Жамбыл - Жылу» ЖШС өкілдері қатысты.
«Жамбыл-Жылу» МКК-ның негізгі мақсаты жылу қуатын ыстық су және бу түрінде өндіру, тасымалдау және таратумен, сондай-ақ коммуналдық қазандықтарды жылу тарататын құбырларды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу және пайдалану болып табылады.
Кәсіпорын теңгерімінде барлығы 73 қазандық бар, оның ішінде:
- Тараз қаласы бойынша 43 қазандық
- аудандарда орналасқан 30 қазандық.
73 қазандықтың 73 табиғи газбен жұмыс істейді, оның ішінде:
- Тараз қаласында қазандықтардың барлығы 43 - табиғи газда,
- Жамбыл ауданында – 21 қазандық, оның ішінде табиғи газда- 21 қазандық.
- Тұрар Рысқұлов ауданында барлық 3 қазандық табиғи отында жұмыс жасайды.
- Байзақ ауданында 6 қазандық табиғи газда.
Кәсіпорын балансында 45,366 км жылу жүйелері бар, оның ішінде:
- Магистральдік құбыр желілері – 6,471 км
- Ішкікварталдық құбыр желілері – 38,895 км
Кәсіпорынның 73 қазандықтарынан жылу энергиясын тұтынады:
- 174 көпқабатты тұрғын-үйлерде тұратын бес мөлтек ауданның тұрғындары (8 025 абонент) (Қарасу, Қаратау мөлтек аудандары, Қарасу тұрғын алқабы, Асқаров көшесі бойында тұрғын алқабы, «Сахарный поселок» тұрғын алабы), оның ішінде 16 көп қабатты тұрғын үйлерге кәсіпорын келісім-шарт негізінде техникалық қызмет көрсетеді.
- 115 бюджеттік мекемелер мен нысандар (ауруханалар, мектептер, бала-бақшалар)
- 24 денсаулық сақтау нысаны,
- 68 білім беру нысаны,
- Тараз қаласындағы 5 әлеуметтік қорғау нысаны
- 18 қалған бюджеттік мекемелер
«Жамбыл-Жылу» МКК-ның 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы 141,565 млн теңгеге «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының» 19 қазан 2020 жылғы №256-Ө және «ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің» 2020 жылғы 12 қараша №94-ОД біріктірілген бұйрығымен бекітілген.
- жылға арналған инвестициялық бағдарлама орындалу барысында.
1) Жамбыл облысы Тараз қаласындағы А.Асқаров көшесі, 277 мекенжайындағы "Психидиспансер " қазандығының жылу желілерін күрделі жөндеу бойынша жұмыстар 95 пайызға орындалып отыр. Бұл нысан бойынша 1800 метр құбыр ауыстырылды, күрделі жөндеуден өткен жылу желілерінің ұзындығы 450 метрді құрайды.
Бүгінгі күнге кәсіпорын бойынша инвестициялық бағдарлама 95% немесе 135 млн тг орындалды. Жылдың соңына дейін инвестициялық бағдарламаны 100% орындалу жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024