Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау бағдарламасы бойынша 123 мыңнан астам өтініш түсті
- author Zhambylokq
- 4 қазан, 2024
- 57
Вице-министрдің айтуынша, бұған дейін ақпараттық портал ақылы негізде жұмыс істеген. Бұл фермерлердің тарапынан біраз наразылық туғызды. Коррупциялық тәуекелдер азайтылды: келіп түскен өтінімдерді ретімен ғана қарау жүргізіледі.
«Қарастырылып, оң шешімдер тапқан өтінімдер бойынша субсидия беруге қаражатқа кететін жағдай, оның да «күту парағын істедік. Кез келген субсидияның қаражатын күтіп отырған пайдаланушылар өздерінің қай қатарда тұрып, қашан қаражат болған кезде осы қаражаттарын алу туралы мәліметке ешқандай тіркеусіз порталда ашық түрде қол жеткізе алады. Сонымен қатар бұл ақпараттық жүйенің төңірегінде көктемгі егін жұмыстары мен күзгі орақ жұмыстарына арналған арзандатылған дизель отынын алу үшін бүкіл ппроцесті басынан аяғына дейін автоматтандырдық», – деді спикер.
Субсидиялау жүйесі арқылы 123 мыңнан астам өтінім беріліп, 67 мыңнан астам өтінім мақұлданды, жалпы сомасы 254 млрд теңге болды. Субсидиялау жүйесіне енгізілген. Өтінімдер тізілімі ағымдағы жылдың соңына дейін бюджетті бағалауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында барлық түрдегі жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу қарқыны артты, сатып алынған техникаға субсидиялау бойынша 28 мыңнан астам өтінім берілді.
Мал және өсімдік шаруашылығы кәсіпорындарының инфрақұрылымын салу, кеңейту және дамыту бойынша инвестициялық субсидиялар көрсеткіші артып келеді. Өсімдік шаруашылығындада өсімдіктерді қорғау құралдары, тыңайтқыштар және жоғары сапалы тұқымдарды сатып алу көлемінің өсуі байқалады.
Ұқсас жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024