18 жасқа толған жамбылдық азаматша тұңғыш рет референдумға қатысты
- author Zhambylokq
- 6 қазан, 2024
- 45
— 18 жасымды осылай атап өтемін деп ойламадым. Бұл менің есімде мәңгі қалатын оқиға. Дәл осы күні қазақ елі тұтастай өзінің болашағы үшін маңызды таңдау жасап жатыр. Мен осы елдің азаматы ретінде мұның мән маңызын ерекше сезінемін. Әрі осы күні дауыс беру құқына ие болғаным үшін де өзімді бақытты санаймын. Әркімге меншікті мерекесін дәл бұлай атап өту бұйыра бермейді. Алдағы уақытта да елімнің болашағы үшін маңызды таңдау жасап, азамат ретінде өз үнімді қосатын боламын, - деді туған күн иесі Шұғыла Махмұтқызы.
Аталған учаскедегі комиссия төрағасы Қалтай Арынұлы туған күн иесіне барша комиссия мүшелерінің атынан арнайы сыйлық тарту етіп, кәмелеттік жасқа толған өренге ақ тілегін жеткізді.
Айта кету керек, қазіргі таңда Тараздың барлық референдум учаскелерінде саяси науқан қызу жүріп жатыр. Маңызды оқиға барысында әсіресе жастардың үні басым.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облыстық нотариаттық палатасының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы
- авторZhambylokq
- 25 желтоқсан, 2024