Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу қорытындылары
- author Zhambylokq
- 14 қазан, 2024
- 51
Жобаның мақсаты – тұтынушылардың тауарлар, олардың қауіпсіздігі мен сапасы, сондай-ақ тауарлардың сатушыларына (өндірушілеріне) қатысты ақпарат алу құқықтарын жүзеге асыру.
Жамбыл облысы тұтынушыларына сатылатын өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында оларды аккредиттелген зерттеу орталықтарына өткізу және нәтижелері туралы объективті және шынайы ақпараттард бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату міндеттері қойылған.
Зерттеуді жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-мен, сондай-ақ «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» Ақционерлік қоғамымен келісім жасалды.
Жамбыл облысында қазақстандық, ресейлік, қытайлық, корейлік, арабтық өнімдердің 28 үлгісіне зерттеу жүргізілді.
Оның ішінде қазақстандық шұжық өнімдерінің жарамдылық мерзімінің өтіп кеткені, ресейлік ұн мен кондитерлік өнімдерінің техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні, Қытай ойыншықтары, тұрмыстық техникасы мен косметикасының контрафактілік белгілері бар екені, Корей және Араб өнімдерінің ақпараттары қазақ және орыс тілдеріне аударылмай, тиісінше, сәйкестік туралы декларациясыз сатылғаны анықталды.
Зерттеу нәтижелері тұтынушыларды ақпараттандыру мақсатында Zakon.kz және Nur.kz интернет-ресурстарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланды.
Өнімнің техникалық регламенттерге сәйкес келмеуімен қатар, ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңында көзделген тұтынушылардың құқықтары бұзылған.
Өнімді сатып алу кезінде көптеген сатушылар фискалды және сату түбіртектерін бермеген, бұл Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 284-бабын бұзу болып табылады.
Аталған фактілер бойынша тиісті мемлекеттік кірістер органына өтініштер жолданды.
Жобаны жүзеге асыру барысында қарапайым тұтынушыға қауіпті тауарды сатып алу фактісін дәлелдеу өте қиын екені белгілі болды.
Ол үшін тұтынушы нақты алгоритмді білуі керек, ал дүкендер фотосы мен Каспи аударымдары, сату мекенжайының көрсетілгеніне қарамастан, жеткілікті дәлел бола алмайды.
Тағы бір мәселе, егер тұтынушыға фискалды түбіртек берілмесе, онда Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне шағымдану арқылы құқықтарын қорғау мүмкін емес.
Бұл туралы Кәсіпкерлік кодексінде былай деп көрсетілген - Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны туралы дәлелді негіздер мен дәлелдейтін дәлелдер болғанда ғана шағымдануы – шағымның негізі болып табылады деп нақты көрсетілген.
Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы бойынша «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына қарағанда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі жоғары тұр, сондықтан Кәсіпкерлік кодексінің талаптарының негізінде текеру ашылады.
Сондықтан, тұтынушы құқығы, қандай жағдайда болмасын – бұзылса, онда:
1) Сатушының аты-жөні, жеке және бизнес сәйкестердіру номері және мекенжайы көрсетілген фискалды немесе сату түбіртегін бермесе, өнімді сатып алмаңыз;
2) Тұтынушы сапасы төмен және қауіпті өнімді сатып алған сәттен бастап 2 ай ішінде тиісті органдарға хабарласып үлгеруі керек. Бірақ, сонымен бірге қай орган қай арызды қарауғы құқылы екенін нақты білу қажет, әйтпесе өтініш беру мерзімін өткізіп алып, қорғаусыз қалу қаупі туындайды.
3) Одан әрі азаматтық талаппен сотқа жүгініп, келтірілген залалды өтеуге болатын алгоритмді орындаңыз.