Жамбыл облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, облыс бойынша әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы, мүгедектігі бар 3957 тұрғын үй тізімі нақтыланды. Жылыту маусымы басталғанға дейін 15 тамыз мен 15 қыркүйек аралығында ТЖД қызметкерлерімен ХӘОТ тұрғын үйлерін аулалық аралаумен толық қамтылды.
Жылыту маусымының алдында жергілікті атқарушы органдармен бірлесір өрт қауіпсіздігі талаптары орындалған «Үлгілі үй» көпқабатты тұрғын үйлерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы іс-шараның нәтижесінде Облыс аумағында 7 көпқабатты «Үлгілі үй» анықталды, белсенді тұрғындар мен пәтер иелерінің жергілікті кооперативтерінің өкілдеріне грамоталар табысталды.
Жылыту маусымы қауіпсіз өту мақсатында, Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін облыс аумағындағы тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді.
Айлық барысында тұрғын үй секторындағы өрттер мен улы газдан улану оқиғаларының алдын алу және жол бермеу, бұқаралық ақпарат құралдарын тартумен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізуге бағытталған іс-шаралар жүргізілді. Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу шеңберінде 12586 тұрғын үй араланды. Жылыту маусымы кезінде өрт салдарынан адамдардың қаза болуының алдын алу үшін 27689 азаматқа нұсқаулық берілді, жылыту пештерін, электр қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 3516 адамды қамтыған 293 жиын ұйымдастырылды.
Тамыз айының 25 күні облыс аумағында «өрт қауіпсіздік сағаты» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында 13:00 мен 14:00 аралығында 82 ірі сауда-саттық және ойын-сауық орталықтарында өрт қауіпсіздігі бойынша видеороликтар көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2024 жылғы 1 маусымнан бастап әлеуметтік осал топтардың қатарына жатқызылатын отбасылардың үйлерінде – 727 датчиктер орнатылды. Оның ішінде: улы газды анықтайтын датчиктер – 269 дана, табиғи газды анықтайтын датчиктер – 458 дана.
Жылу беру маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында 158 материал жарияланды (мақала-126, теледидар арқылы-7, радиоэфир арқылы-28, сондай-ақ әлеуметтік желіде-247 материал, дауысзорайтқыш құрылғысы арқылы-1633 хабар таратылды).
Бұдан басқа, облыстық «Жамбыл-Тараз» және «77 ТВ» телеарналарында Департамент қызметкерлерімен 7 рет тікелей эфирге шығулар жасалды. Жүргізіліп жатқан түсіндіру және профилактикалық жұмыстар өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруге, сонымен қатар облыстың тұрғын үй қорының өртке қарсы қорғалуын күшейтуге ықпал етеді деп үміттенеміз.
Ағымдағы жылдың 04 қазаныңда «Таза мұржа» Республикалық акциясында Департамент қызметкерлері, ЖАО бірлесіп және «Жібек жолы жастары» еріктілерін ұйымдарын тарта отырып, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерде улы газбен улануды алдын алу және тұрмыстағы өрт қаупісіздігін болдырмау мақсатында түтін мұржалары тазалау жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша жалпы 496 үйдің мұржалары тазаланды.