ҚР ЦДИАӨМ: жыл соңына дейін дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу функциясын енгізу жоспарлануда
- author Zhambylokq
- 15 қазан, 2024
- 32
«Ол ай сайын шамамен 26 миллион сұранысты өңдейді. Сервис толығымен отандық технологияларға негізделген. Әлемдік криптовалюталарда пайдаланылатын блокчейн платформасы қолданылады. Бұл сенімді жүйе және ол ешқандай өзгеріс енгізуге мүмкіндік бермейді», – деп атап өтті спикер.
Оған қоса, Руслан Абдикаликов жыл соңына дейін азаматтардың дербес деректерін өңдеуді кері қайтарып алу функциясын іске асыру жоспарланып отырғанын атап өтті. Дерекқордан дербес деректерді толығымен жою функциясы да қарастырылған.
Сондай-ақ сарапшы алаяқтардың құрбаны болмау және жеке деректерді сақтау үшін түрлі банктік қосымшадан, соның ішінде 1414 «Электрондық үкімет» порталынан кодтарды үшінші тұлғаларға бермеуге кеңес берді. Сондай-ақ үшінші тараптардың жіберген сілтемелеріне өтіп, қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатуға болмайды.
Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Ұқсас жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024