ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің 9 айда атқарған жұмыстары
- author Zhambylokq
- 18 қазан, 2024
- 49
Нәтижесінде 185 бұзушылықтар анықталып, жұмыс берушілерге 22 нұсқама берілді.
Бүгінгі таңға анықталған бұзушылықтардың барлығы жойылып, 2011 жұмыскердің құқықтары қорғалды.
Сондай ақ, еңбек инспекторларымен жыл басынан бері барлығы 647 жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдары қаралып, бұл бойынша 95 тексерістер жүргізіліп, онда 133 еңбек заңнамасының бұзу фактілері анықталды.
Тексерістердің қорытындысымен жұмыс берушілерге орындалуы міндетті 41 нұсқама беріліп, 32 мекемеге қатысты әкімшілік шара қолданылды, жалпы 2,1 млн теңгені құрайтын айыппұл салынды.
Нәтижесінде 318 еңбек заңнамасының бұзушылықтары жойылып (оның ішінде: еңбек қатынастары бойынша 229, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға байланысты 82, халықты жұмыспен қамту 7), 2011 жұмыскердің құқықтары қорғалды.
Сонымен қатар, бейресми жұмыспен қамтылған 2031 жұмыс берушідегі 4526 жұмыскердің еңбек қатынастары заңдастырылып, көлеңкелі экономикадан шығарылды.
2024 жылы 12 079 әрекет етіп тұрған ұйымдардың 11758-да ұжымдық шарттар жасалынып, 97,1% құрап отыр.
Облыста жұмыс істеп тұрған 12 079 кәсіпорн 100% меморандуммен қамтылып отыр.
Облыстық 145 еңбек ұжымдарында 1856 жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторларымен жыл басынан жеке қабылдауда облыстық 120 тұрғынға еңбек заңнамаларымен консультативтік кеңестер берілді.
Одан бөлек, 145 іс-шара ұйымдастырылып бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы 218 ақпараттық мақалалар жарық көрді.