Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 9 ай бойынша жұмыс нәтижелері
- author Zhambylokq
- 18 қазан, 2024
- 84
Департамент қызметінің басым бағыты – көлеңкелі экономикаға қарсы күрес.
2024 жылдың 9 айында құны 5,1 миллиард теңгеден асатын акциздік (шылым) өнімдердің заңсыз айналымы деректері бойынша (акциз сомасы 2,1 млрд теңгені құрайды) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 233-баптары бойынша 21 қылмыстық іс тіркелді, 6,6 млн қораптан астам темекі заңсыз айналымынан тәркіленді.
Ағымдағы жылдың 9 айында Департамент қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 2 қылмыстық іс тіркеді. 2023 жылда 3 қылмыстық іс тіркелді, тергеу барысында қабылдаған шаралар нәтижесінде азаматтарға 45 миллион теңгеден астам келтірілген шығын өтелді.
Мысалы, «Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында сатып алынған пәтер түріндегі мүлік пен 10 миллион теңгеден астам қаражат тәркіленді.
2024 жылдың 9 айында қаржылық пирамида белгілері бар 1821 сілтеме бұғатталды. Сонымен қатар, 720-дан астам қатысушысы бар қаржылық пирамидалардың 7 WhatsApp қосымшасындағы топтар жабылды.
Ағымдағы жылдың 9 айында Тараз және Шу қалаларында 2 заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру деректері анықталды. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша қылмыстық істер тіркеліп, сотқа жолданды. Осы заңсыз контенті бар 607 сілтеме бұғатталды.
Өткен 5 жылда Департамент қызметкерлерімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 42 дерегі анықталып, 38 қылмыстық іс сотқа жолданды.
Біздің сенім телефоны (кезекші бөлім): 34-76-26.
Ұқсас жаңалықтар
«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
- авторZhambylokq
- 27 желтоқсан, 2024