Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары.
- author Zhambylokq
- 21 қазан, 2024
- 49
Сондай-ақ айтыс, терме, жыр өнері арқылы шешендік қасиет дарыған, сөзге тоқтайтын, ойын айшықты жеткізе алатын тұлғалар қалыптастыру, облыстың экономикалық, рухани жетістіктерін ақындардың тілімен жырлату, халықты адал еңбекпен нәсібін табуға, бірлік пен бейбітшілікке үндеу.
«Facebook»-тегі ресми парақшада – 4 мың, «Instagram»-да 21.300 оқырман саны бар. Атқарылған іс-шаралар бойынша 19 мақала, 4 телехабар (қазақ, орыс тілдерінде), 4 телебағдарлама жасалып, 24 ақпараттық сайтта жарық көрді.
1 наурыз күніорталықтың ашылу салтанаты өтті. Оған ақын, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай, облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова, ақын, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының қайраткері Қайырбек Асанов сынды бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.
22 сәуір күні Жамбыл мен Қызылорда облыстары арасындағы шығармашылықты нығайту, айтыскерлер мен жыршы-теремешілердің ынтымақ-бірлігін арттыру мақсатында айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовпен «Сыр елінің ақтаңгері» атты тәжірибе алмасу кездесуі өтті.
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай 30 мамыр күні жас ұрпақты өнерге баулу, домбыра мен айтысқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Бақытты елдің ұрпағы» атты әдеби-сазды кеш өтті.
30 мамыр күні Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай, Жамбыл облысының айтыскер ақындары мен жыршы-термешілері және Қырғыз елінің ақын, манасшыларының қатысуымен «Алатаудың бұлбұлы» атты Халықаралық фестивалі өткізілді.
Іс-шара барысында Қырғыз ұлттық «Манас» театрының директоры Азиз Бимырзаұлымен өзара әріптестік-ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
24 маусым күні ақтөбелік, әнші-сазгер Құрал Молжановпен «Хит әндердің авторы болу қиын ба?» атты сыр-сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында сазгер қазіргі танымал әндерінің шығу тарихын әңгімелеп, сол туындыларын табиғи дауыста орындап берді.
4 шілде күні жас ұрпақты өнерге баулу, домбыра, айтысқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында 6 шілде Астана күніне орай «Жасай бер, жайна, Астана!» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
18 шілде күні Жамбыл ауданының Мәдениет үйінде аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, 14 пен 35 жас аралығындағы айтыскер ақындар арасында «Адалдықты жырлайды, Тәуелсіз елдің ақыны» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті
1 тамыз күні жыр мен терменің, әлқисса, дастандардың айырмашылығын жастарға кеңінен насихаттау мақсатында Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым» Х Республикалық дәстүрлі әншілер конкурсының арнайы жүлдегері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің дәстүрлі жыр мамандығының білімгері, Х Республикалық дәстүрлі әншілер конкурсының лауреаты, Ерболат Шалдыбековтің шәкірті Бекарыс Көштаевпен орталықта сыр-сұхбат өткізілді.
8 тамыз күні Абай атындағы орталық кітапханасымен бірлесе отырып, 10 тамыз – Абай күніне орай ұлы ақын мұрасына арналған «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты әдеби кеші өткізілді.
28 шілде күні Конституция күніне орай еліміздің Ата заңын ардақтау мақсатында зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
9 қыркүйек күні жастар арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, олардың мемлекеттік тілге деген құрметін қалыптастыру мақсатында облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығында «Ұлттық қазына – тіл» атты дөңгелек үстел өткізілді.
20 қыркүйек күні Тараз қаласындағы Ы.Дүкенұлы атындағы «Мәдениет» үйінде облыс әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп, жас ұрпаққа Шона Смаханұлының шығармалары арқылы өлке тарихын, жер-суын, туған топырақтың қадір-қасиетін ұғындыру, айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына қолдау көрсету мақсатында «Анамның тілі – қуатым менің» облыстық жас ақындар айтысы өткізілді.
Баяндама соңында орталықтың алдағы жоспары.
- Термешілердің мақам-сазының нотасы түскен жыр-жинағын шығару;
- «Жамбыл менің жәй атым, халық менің шын атым» атты дәстүрлі айтыстың таңдамалы жинағын шығару;
- Домбыра, айтыс, терменің үйірмелерін ашу;
- Ұлттық құндылығымыз айтысты жаңа деңгейге көтеру (чат айтыс, онлайн айтыс);
- Айтыстың ұмыт болған түрлерін жандандыру (түре айтыс, сүре айтыс, Құлмамбет айтысы);
- Елде қалған жыр-дастандарын үнтаспаға басып алып, ескіден қалған көне кітап, хаттар мен жыр дастандар жинақтау жұмыстарын жүргізу;
- Облыстың атын шығаратын айтыскер мен тершілерді жасақтау;
- Жас айтыскерлер клубын ашу.
Ұқсас жаңалықтар
«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
- авторZhambylokq
- 27 желтоқсан, 2024