Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
ашық
Қордай ауданының әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерінің 2025 жылғы 9 айындағы қорытындылары:

- Өнеркәсіп 32,9 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 122,6 пайызға орындалды;

- Инвестиция 31,7 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 74,1 пайызға орындалды;

- Құрылыс көлемі 41,8 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 166,2 пайызға орындалды;

- Пайдалануға берілген тұрғын үйлер 46,9 мың шаршы метрді құрап, индекс көлемі 104,2 пайызға орындалды;

- Бөлшек сауда айналымының көлемі 34,9 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 108,6 пайызға орындалды;

- Көтерме сауда айналымының көлемі 17,2 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 142,9 пайызға орындалды;

- Ауыл шаруашылығы 48,2 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 100,0 пайызға орындалды.

Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысымен бюджеттік қаражаттар 94,2 пайызға игерілді.

Ағымдағы жылы тұрғындарының қолданысына Қордай ауылында 144 пәтердің кілті тапсырылды, Үлкен-Сұлутөр ауылында дәрігерлік амбулатория, Қайнар ауылында 3800 га суармалы алқапты сумен жабдықтауды ұлғайту үшін қысымды су құбыры, Үлкен Сұлутөр ауылында 90 орындық мәдениет үй қолданысқа  берілді. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қаракемер, Қарасу ауылдарын мектептерде қолданысқа берілді.

Аудандағы 41 елді мекеннің 37-і газбен қамтылған немесе                    90,2 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылдың сәуір айында Керу ауылына газ құбырының құрылысы аяқталып, тұрғын үйлерге қосылды. Қалған елді мекендерге жоба әзірленген, қолдауын тапқан жағдайда жұмыстар жүргіземіз (Бел, Мұзбел, Аңырақай, Бәйтерек).

Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық елді мекендерін 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту тапсырмасы бойынша аудан әкімдігі тарапынан 8,6 млрд. теңгеге 10 ауыз су желілерінің құрылыстары аяқталды (Ноғайбай, Отар, Қордай, Қайнар, Степное, Қарасу, Еңбек, Сарыбұлақ, Соғанды, Бәйтерек, Шарбақты).

Бүгінгі күнге 3 елді мекенде (Кунбатыс-2, Алға, Гвардейск) су құбырының құрылыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар 10 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді. (Қарасай батыр, Қызылсай, Керу, Көктөбе, Сұлутөр, Үлкен Сұлутөр, Кенен, Бел, Жаңатұрмыс, Кунбатыс-1).

Игерілмеген жерлерді қайтару бойынша 2025 жылы 11 000 га жоспарланып 4313,12 га мемлекеттік жер қорына қайтарылды. 2025 жылға пайдаланбай жатқан 12552 га, жерлерге шара қолдану үшін жер инспекциясына хат жолданды.

Ағымдағы жылы «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Қордай ауданында ауылдық елді мекендердің даму әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар қолға алынған. Атап айтқанда, Қақпатас ауылында жаңа мәдениет үйінің құрылысы жүргізіліп, Үлкен Сұлутөр ауылында заманауи спорт кешені бой көтеруде. Сонымен бірге Сортөбе ауылында бір ауысымда 200 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы емхана салынды.

Жұмыспен қамту шаралары:

2025 жылдың 01 тамызына ресми түрде жұмыссыздар есебінде 1799 адам тіркелген, жыл басынан 6056 азамат қайырылып, әлеуметтік қорғау шараларымен 3456 адам қамтылды.

Есепті кезеңге ваканттық бос жұмыс орындарына 1773 азамат жолданды.

 

Қысқа мерзімді кәсіби оқумен және жұмыс орындарына оқумен қамтамасыз ету

Аудан бойынша 2025 жылы 100 азаматты қысқа мерзімді оқу курстарымен және 45 азаматты жұмыс орындарында оқумен қамту жоспарланды.

Сонымен қатар, 285 азаматты онлайн оқу курстарын жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 143  азамат оқумен қамтылды.

2025 жылға «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша   385 азаматты оқыту жоспарланып, бүгінгі күнге аудан көлемінде кәсіпкерлік негіздері бойынша 329 адам оқуға жолданды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру 

    2025 жылы аудан бойынша 90 азаматты қайтарымсыз мемлекеттік грантпен қамту жоспарланып, есепті кезеңге 90 азамат грантпен қамтамасыз етілді.

«Ауыл аманаты» жобасы 2019 жылы Қордай ауданының Жамбыл ауылдық округінде пилоттық жоба ретінде басталып, кейіннен Кенен, Қаракемер, Қарасу, Сарыбұлақ, Қақпатас ауылдық округтарында іске асырылды.

Қазіргі таңда аудан бойынша 3,3 млрд. теңгеге 6315 бас МІҚ, 11845 бас қой және 386 бас жылқы сатып алынды. 7 өндірістік кооператив 27 техника мен құрал-жабдықтарын алынды. Өз кәсібін ашуға 61 жоба мақулданып, 441,6 млн. теңге қаржыландырылды.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар