Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің жайылым алқаптары тұрғын халықтың малдарын жаю үшін ауылдық округтерге бекітіліп беріліп жатыр, ал қалған жерлер өңірдің экономикасын дамыту мақсатында конкурс арқылы берілуде.
Жалпы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 2024 жылы 9 айында 6 конкурс ұйымдастырылып 23,2 мың.га айналымға тартылды. Кәсіпкерлік мақсатта 73 жер учаскесі аукционға шығарылып 157,7 млн теңгеге бағаланып сатылды.
Жалпы облыс бойынша босалқы жер қорынан осыған дейін елді мекенге 378 мың гектар қосылып берілді. Елді мекен жері 363,0 мың гектардан 741 мың гектарға дейін ұлғайды.
Облыс аумағында Инвесторлар үшін жалпы көлемі 3,3 мың гектар болатын 68 жер учаскесі анықталды.