Жер қатынастары басқармасының 9 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары
- author Zhambylokq
- 31 қазан, 2024
- 54
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым жер көлемі - 3,6 млн; елді мекен жайылым көлемі- 740,5 мың га, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және а/ш-нан өзге мақсатқа арналған жайылым жер көлемі – 37,9 мың га; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 1,0 мың га; орман жер қоры – 1,6 млн га; босалқы жерлер – 942,5 мың гектарды құрайды.
Облыс көлемінде қолда бар мал басын жайып бағуға болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы – 3,6 млн.гектар, елді мекендерде - 741,0 мың гектар, орман қоры жерінде 1,7 млн.гектар, босалқы жер қорында - 942,5 мың гектар жайылым жерлер бар. Бұл облыс аумағының 58,2 пайызына тиесілі.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2024 жылы облыс бойынша 3,4 млн бас төрт түлік (ірі қара- 395,9 мың, қой-ешкі 2,8 млн, жылқы 165,9 мың, түйе 7,2 мың) тіркелген.
Қазіргі таңда облыстың барлық елдімекенінің мал басына шаққанда жайылымына талдау жүргізіліп, жайылымы өзекті 42 ауылдық елді мекеннің жайылым жетіспеушілігін шешу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жетіспеушілік 56,7 мың гектар құрап отыр. Жетіспеушілікті шешу мақсатында ауылдық округке босалқы жер қорынан 22,9 мың гектар елді мекендерге қосылып берілуде.
Жалпы 42 елді мекеннің 25 елді мекенінде жайылым жетіспеушілігі шешімін табатын болады. Сонымен қатар 17 елді мекенде жайылым жетіспеушілігін толығымен шешу мүмкіндігі жоқ. Аталған аудандарда халықтың тығыз орналасуына байланысты және қала маңы аймағына жақын орналасуы сондай ақ, жалпы жерлердің басым көпшілігі егістік жерлер болуынан шешімін таппай отыр. Жетіспеушілік 29,7 мың гектарды құрап отыр.
ҚР «Жайылымдар туралы» Заң талаптарын жүзеге асыру мақсатында облыстың барлық аудандарында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерімен жайылымдарды пайдалану Жоспары мен Схемасы қайтадан 5 жыл мерзімге бекітілетін болады.
Жалпы 2025 -2027 жылдары жаһандық экологиялық қор есебінен Талас және Сарысу аудандарынан пилоттық жоба негізінде 5,0 мың гектар жайылым жерлер жақсартылады.