Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 9 айлық қорытындысы

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 9 айлық қорытындысы
ашық дерек
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес 2024 жылғы 9 айында тиісті жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен 55 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: тізбеге сәйкес – 6, жоспардан тыс – 49, оның ішінде, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 8, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 41.

            Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 55-те жалпы сомасы 65 071,0 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 59 856,2 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның 245,7 млн.теңгесі бюджетке өтелуге жатады (38,8 млн.теңге бюджетке өтелді, бұл 15,8%-ды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 1 571,8 млн.теңге (орындалған жұмыстар мен қызметтер есебінен қалпына келтірілгені – 122,3 млн.теңге, бұл 7,8%-ды құрайды), 58 038,7 млн. теңгесі - бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар.

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар